Жұмыссыз адам ретінде қалай тіркелуге болады?

    ·
    Сұрақ

    Жұмыссыз адам ретінде қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    Жұмыссыз адам ретінде тіркелу үшін бірінші кезекте жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет.

    (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген, жұмыс істемейтін және еңбек делдалдығын жүзеге асыратын, мансап орталықтары деп танылатын адамдарды тіркеу қағидаларына» сәйкес).

    «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәсілдері: Мансап орталығы, «Электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz., «Ээлектрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы (сайт www.enbek.kz).

    Мансап орталығында жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін келесі құжаттарды көрсету қажет:

    1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

    2)еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

    3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса).

    «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін: www.egov.kz немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында 2-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін мәліметтер нысанын толтырады.

    Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

    Егер Мансап орталығы үш жұмыс күні өткеннен кейін жұмыс іздеп жүрген адам үшін қолайлы жұмыс таңдамаса немесе жұмыс іздеп жүрген адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда Мансап орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы электрондық түрде жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім жобасын жібереді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін беру тәртібі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда...

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі ?

    Жауап

    Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен регламенттелген. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары,...

    ·
    Сұрақ

    ЭЦҚ кілтін қайта шығару немесе жаңа ЭЦҚ кілттерін алу мерзімі аяқталды.

    Жауап

    ҚР Ұлттық куәландырушы орталық тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты сізге өтінім онлайн режимде pki.gov.kz сайтында немесе қажет құжаттар жиынтығын ХҚКО-ға беру болады (сондай-ақ өтінімді тікелей ХҚКО-ға тапсыруға болады).

    ·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету

    Жауап

    Мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту құралдары мен қызметтері абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі. Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы бар мүгедектігі бар адам оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш береді. Өтінішті қабылдағанна...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаж...

    ·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы кімге беріледі?

    Жауап

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредиттер және көтерме жәрдемақы беріледі. Бағдарламаға ауылдық жерлерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кеше...

    ·
    Сұрақ

    Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету

    Жауап

    АӘҚ үйде күтім көрсету жағдайында тұрғылықты жері бойынша еңбекке қабілетті балалары жоқ, зейнеткерлік жасқа толған жалғыз тұратын азаматтарға беріледі. Факті отбасын тексеру және азаматтың өмірлік белсенділігін бағалау актісімен анықталады. Кейін үйде күтім көрсету жағдайында АӘ...

    ·