Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі ?

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі ?

    Жауап

    Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен регламенттелген.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

    Осы Кодекстің 49-1-бабының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға қағаз жеткізгіште не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін беру тәртібі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда...

    ·
    Сұрақ

    ЭЦҚ кілтін қайта шығару немесе жаңа ЭЦҚ кілттерін алу мерзімі аяқталды.

    Жауап

    ҚР Ұлттық куәландырушы орталық тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты сізге өтінім онлайн режимде pki.gov.kz сайтында немесе қажет құжаттар жиынтығын ХҚКО-ға беру болады (сондай-ақ өтінімді тікелей ХҚКО-ға тапсыруға болады).

    ·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету

    Жауап

    Мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту құралдары мен қызметтері абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі. Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы бар мүгедектігі бар адам оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш береді. Өтінішті қабылдағанна...

    ·
    Сұрақ

    Жұмыссыз адам ретінде қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    Жұмыссыз адам ретінде тіркелу үшін бірінші кезекте жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген, жұмыс істемей...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаж...

    ·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы кімге беріледі?

    Жауап

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредиттер және көтерме жәрдемақы беріледі. Бағдарламаға ауылдық жерлерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кеше...

    ·
    Сұрақ

    Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету

    Жауап

    АӘҚ үйде күтім көрсету жағдайында тұрғылықты жері бойынша еңбекке қабілетті балалары жоқ, зейнеткерлік жасқа толған жалғыз тұратын азаматтарға беріледі. Факті отбасын тексеру және азаматтың өмірлік белсенділігін бағалау актісімен анықталады. Кейін үйде күтім көрсету жағдайында АӘ...

    ·