Жиынға Шарбақты ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сұлтанов Ақылбек Баязитұлы қатысты.
Отырыс күн тәртібіне төрт мәселе енгізілді.
Бірінші мәселе – «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылдың 9 айындағы аудан бюджетін игеру жұмысы және жыл қорытындысы бойынша болжамдары туралы».
Аталған мәселе бойынша «Шарбақты ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Бейсенова Асия Сахипзадаевна баяндама жасады.
Мәселені талқылау қорытындысы бойынша аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері Қаржы бөліміне:
қаржы жылының соңына дейін бекітілген бюджеттік бағдарламалардың толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді;
трансферттердің мақсатты әрі мерзімінде пайдаланылуын тұрақты бақылауда ұстауды;
2026 жылдың соңына дейін нақты іске асыруға мүмкіндік беретін мерзімде мемлекеттік сатып алу рәсімдері мен шарт жасасу жұмыстарын аяқтауды ұсынды.
Екінші мәселе – «Шарбақты ауданының елді мекендерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы».
Бұл мәселе бойынша Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Каменов Даниял Бақтыбайұлы ақпарат берді.
Қоғамдық кеңес мүшелері ауданда төтенше жағдайлардың, оның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы өрттердің алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстардың жанданғанын атап өтті.
Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа басылымдарында 60 материал жарияланып, әлеуметтік желілерде 449 ақпараттық материал орналастырылған. Сонымен қатар 11 265 үгіт-насихат материалы таратылып, 121 нұсқама, 88 дәріс және ғимараттардан қауіпсіз эвакуациялау бойынша 52 оқу-жаттығу өткізілген. Тұрғындардың үйлерін аралау жұмыстары 14 002 рет жүргізілген.
Жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін көрсетіп отыр. Мәселен, 2025 жылы ауданда 56 өрт оқиғасы тіркелсе, 2026 жылдың есепті кезеңінде бұл көрсеткіш 34-ті құраған.
Сонымен қатар өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтардың материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында атқарылатын жұмыстар әлі де жеткілікті екені атап өтілді.
Қысқы кезеңнің қарсаңында пеш және электр жабдықтарының жай-күйін, өрт гидранттары мен өртке қарсы сумен жабдықтаудың өзге де көздерінің жарамдылығын тексеру ұсынылды.
Үшінші мәселе – «Шарбақты ауданы Орловка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және электрондық қызметтерді насихаттау бағытындағы жұмысы туралы». Аталған мәселе бойынша Орловка ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бас маманы Медведь Наталья Александровна баяндама жасады. Бұған дейін хабарланғандай, Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының ұсынымына сәйкес, ауданның атқарушы органдары тарапынан халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері Қоғамдық кеңестің әрбір отырысында тұрақты түрде қаралып келеді.
Бүгінгі таңда ауылдық округте барлық мемлекеттік қызмет сапалы әрі белгіленген мерзімде көрсетілуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша тұрғындардан шағым түспеген. Осыған орай, Қоғамдық кеңес мүшелері аталған бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да сапалы әрі уақытылы жүргізуді ұсынды.
Төртінші мәселе – «Шарбақты ауданында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларына инвестиция тарту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы». Бұл мәселе бойынша «Шарбақты ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Нұрқанов Берік Ерқұмарұлы баяндама жасады.
Ауданда кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы салаларына инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 37,1 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Жобаларды іске асыру аясында 335 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Мәселені жан-жақты талқылаған Қоғамдық кеңес мүшелері Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне: инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына тұрақты мониторинг жүргізуді;
туындаған проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдауды;
мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, жемшөп базасын дамытуға және аграрлық өндірістің өзге де перспективалы бағыттарына арналған инвестициялық жобалардың іске асырылуын ерекше бақылауға алуды;
табысты инвестициялық жобалар мен жергілікті кәсіпкерлердің озық тәжірибесін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жариялап отыруды ұсынды.
Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі барлық мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, тиісті пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Қаралған мәселелер бойынша жұмыстарды одан әрі жандандыруға және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар жолданды.
К.Т. Кокина
Аудандық Қоғамдық кеңестің хатшысы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








