Қызметкерлер — Успенский районный маслихат

    Успенский районный маслихат басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Бараисов Жасталап Раймбекович
    Мәслихат депутат

    Бараисов Жасталап Раймбекович

    Успен аудандық мәслихат төрағасы

    Бараисов Жасталап Раймбекұлы 1975 жылы 26 сәуірде Ресей Федерациясы, Новосібір облысы, Баган ауданы, Петрушино ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, Новосібір мемлекеттік аграрлық университетін «мал дәрігері» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек қызметін 1999 жылы ҚР АШМ Успен аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімінің бастығы болып бастады. 2008-2009 жылдары «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастырушылық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2009-2012 жылдары «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысы, 2012-2021 жылдары Успен ауданының ветеринариялық лабораториясының меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істеді. 2021-2013 жылдары VII сайланған Успен аудандық мәслихат хатшысы болып қызмет етті. V, VI, VII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. Қазіргі таңда VIII сайланған Успен аудандық мәслихат төрағасы болып табылады. № 6 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Басқа қызметкерлер

    22
    Бараисов Жасталап Раймбекұлы
    Қызметкерлер

    Бараисов Жасталап Раймбекұлы

    VII сайланған Успен аудандық мәслихат төрағасы

    Білімі жоғары, Новосібір мемлекеттік аграрлық университетін «мал дәрігері» мамандығы бойынша аяқтады. V, VI, VII сайланған Успен аудандық мәслихат депутаты. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

    Бекенов Бейбыт Жолжанович
    Мәслихат депутат

    Бекенов Бейбыт Жолжанович

    № 1 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты

    Бекенов Бейбыт Жолжанұлы 1964 жылы 26 тамызда Успен ауданының Қаратай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілін 1997 жылы Павлодар қаласының ІІБ қылмыстық-атқару комитетінің басқармасында бастады. 2003-2017 жылдары Успен ауданы Қаратай ауылының әкімі лауазымын атқарды. 2017-2018 жылдары Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап 2023 жылға дейін Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Сауық орталығы» МҚКК директоры болып істеді. 2023 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Успен ауданының тарихи-өлкетану мұражайы» МҚКК әдіскер-әкімшісі болып қызмет етеді. VII, VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі болып сайланды. «АУЫЛ» партиясының мүшесі.

    Скакова Асем Темирболатовна
    Қызметкерлер

    Скакова Асем Темирболатовна

    № 2 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты

    Скакова Әсем Темірболатқызы 1980 жылы 27 желтоқсанда Успен ауданының Қаратай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, «Қайнар» Алматы университетін «қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілін 2000 жылы Успен ауданының Қаратай орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде бастады. 2004-2007 жылдары Ильичевка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, 2007-2009 жылдары Дмитриев негізгі мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, 2009-2010 жылдары Успен ауданының жер қатынастары бөлімінің аудармашысы, 2010-2013 жылдары Успен ауданының білім бөлімінің әдіскері, 2013-2018 жылдары «Апта айнасы», «Аймақ ажары» аудандық газеті редакторының (директорының) орынбасары, журналист болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ басшысы болып табылады. №2 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы болып сайланды. «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Наукенов Гадыл Негматович
    Мәслихат депутат

    Наукенов Гадыл Негматович

    № 3 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты

    Білімі жоғары. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілі Успен ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты. Әр жылдары Халық банкінің есептік-кассалық орталығының экономисті, «Агропромбанк» АҚ кредит бөлімінің бастығы, «Дана и К» ЖШС директоры лауазымдарын атқарды. 2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Ажболат» несие серіктестігі» ЖШС басқаруының төрағасы болып табылады. VI, VII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. № 3 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы болып сайланды. «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Смагулова Сауле Римжановна
    Мәслихат депутат

    Смагулова Сауле Римжановна

    Депутат районного маслихата по избирательному округу № 4

    Смагулова Сәуле Римжанқызы 1972 жылы Павлодар облысы Успен ауданы Константинов ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, 2002 жылы Семей мемлекеттік университетін «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек қызметін 1992 жылы Успен аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінде зейнетақы және жәрдемақы тағайындау және төлеу маманы болып бастады. 1999-2003 жылдары ЗТМО Успен аудандық бөлімшесінің аға маманы, одан кейін 2003 жылдан бастап Пошта байланысы торабының Успен аудандық бөлімшесінің экономисті, 2004 жылдан бастап аудандық ішкі істер бөлімінің жетекші маманы болып қызмет етті. 2006 жылдан бастап осы уақытқа дейін – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облыстық филиалының Успен аудандық бөлімшесінің басшы болып табылады. «AMANAT» партиясының мүшесі. IV, V, VI, VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі болып сайланды

    Середа Валерий Николаевич
    Қызметкерлер

    Середа Валерий Николаевич

    № 5 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты

    Середа Валерий Николаевич 1967 жылы 20 мамырда Успен ауданының Успен ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, Павлодар индустриялық институтын «Инженер-электрик» мамандығы, Сібір мемлекеттік телекоммуникация және информатика университетін «Электробайланыс инженері» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1991 жылы Успенка ауылының Ленин атындағы колхозының инженер-энергетигі ретінде бастап, бас энергетик лауазымына дейін жетті. 1994-2023 жылдары Успенка ауылының Қазақтелеком АҚ СТС инженері, 2 санатты инженер, өндіріс бастығы, жетекші инженері болып қызмет етті. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ қолжеткізу желісін пайдаланудың Павлодар департаментінің желілік байланыс құрылыстары мен абоненттік құрылғылардың жетекші инженері болып қызмет етуде. № 5 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі болып сайланды. «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Жуматанова Айнаш Егимбаевна
    Мәслихат депутат

    Жуматанова Айнаш Егимбаевна

    № 7 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты

    Айнаш Егімбайқызы 1974 жылы 25 желтоқсанда Павлодар облысы, Успен ауданының Богатырь ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2013 жылы Инновациялық Еуразия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы Богатырь ауылында бастады. 1996-2010 жылдары Екібастұз қаласында әр түрлі лауазымдарда еңбек етті. 2010-2012 жылдары Успен ауданы Богатырь ауылы әкімі аппаратының бас маманы болды. Кәсіби және ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде 2012-2019 жылдары Успен ауданы Богатырь ауылының әкімі лауазымына тағайындалды. 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында Успен ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2019-2025 жылдары Ольгин ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды. 2025 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясының Успен аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып табылады. № 7 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты және экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.

    Жураковский Александр Александрович
    Мәслихат депутат

    Жураковский Александр Александрович

    № 8 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты

    Білімі жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек өтілін 2019 жылы «Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде компьютер техникасының операторы ретінде бастап, қазіргі таңда осы мекемеде жұмысын жалғастыруда. № 8 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихат депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі болып сайланды. «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Мәслихат депутат

    Даулбаев Алдияр Толегенович

    № 9 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты

    Білімі жоғары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетін «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. «ECO-ASTYQ AGROgroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры болып табылады. VII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. № 9 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі болып сайланды. «АҚ ЖОЛ» партиясының мүшесі.

    Теплая Наталья Анатольевна
    Мәслихат депутат

    Теплая Наталья Анатольевна

    № 10 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты

    Теплая Наталья Анатольевна 1974 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы Шахтинск қаласында дүниеге келді. «Бухгалтер» мамандығы бойынша арнайы орта білімі бар. Еңбек жолын 1996 жылы Успен аудандық байланыс торабында пошташы болып бастаған. 1998-2000 жылдары Успен ауданы Галицк ауылында Глазырин атындағы өндірістік кооперативтің энергия бақылаушысы, одан кейін «Галицкое» ЖШС құрылыс учаскесінің нормалаушы болып жұмыс істеді. 2006-2016 жылдары жеке кәсіпкерлік ашып, өз ісімен айналысқан. 2016-2018 жылдары Успен аудандық байланыс торабының Галицк ауылдық пошта байланысы бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды. 2018-2022 жылдары «Галицкое» ЖШС бухгалтері болып жұмыс істеді. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Галицкое» ЖШС бас бухгалтерінің орынбасары қызметін атқарады. № 10 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды. «AMANAT» партиясының мүшесі.

    Абзалов Адамзат Сейтеналыұлы
    Қызметкерлер

    Абзалов Адамзат Сейтеналыұлы

    Успен аудандық мәслихат депутаты

    Абзалов Адамзат Сейтеналыұлы 1993 жылы 10 маусымда Павлодар облысы, Успен ауданы, Константинов ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2018 жылы Омбы гуманитарлық академиясын «менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. 2019 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдады. VII сайланған Успен аудандық мәслихат депутаты. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

    Алькеева Маржан Егімбайқызы
    Қызметкерлер

    Алькеева Маржан Егімбайқызы

    Успен аудандық мәслихат депутаты

    Алькеева Маржан Егімбайқызы 1974 жылы 4 шілдеде Павлодар облысы, Успен ауданы, Қаратай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтады. VII сайланған Успен аудандық мәслихат депутаты. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

    Бекенов Бейбыт Жолжанұлы
    Қызметкерлер

    Бекенов Бейбыт Жолжанұлы

    Успен аудандық мәслихат депутаты

    Бекенов Бейбыт Жолжанұлы 1964 жылы 26 тамызда Павлодар облысы, Успен ауданы, Қаратай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша аяқтады. VII сайланған Успен аудандық мәслихат депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі. «Ауыл» партиясының мүшесі.

    Бекенова Ботагөз Сәкенқызы
    Қызметкерлер

    Бекенова Ботагөз Сәкенқызы

    Успен аудандық мәслихат депутаты

    Бекенова Ботагөз Сәкенқызы 1979 жылы 14 тамызда Павлодар облысы, Успен ауданы, Қаратай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2004 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады. VII сайланған Успен аудандық мәслихат депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

    Бут Александр Анатольевич
    Қызметкерлер

    Бут Александр Анатольевич

    Успен аудандық мәслихат депутаты

    Бут Александр Анатольевич 1987 жылы 16 мамырда Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2009 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша тәмамдады. 2012 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының магистратурасын «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтады. VII сайланған Успен аудандық мәслихат депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі. «Nur Otan» партиясының мүшесі. Еңбек өтілін 2009 жылы № 1 Успен орта мектебінде дене шынықтыру мұғалімі ретінде бастады және қазіргі таңда жұмысын жалғастыруда.

    Даулбаев Алдияр Төлегенұлы
    Қызметкерлер

    Даулбаев Алдияр Төлегенұлы

    Успен аудандық мәслихат депутаты

    Даулбаев Алдияр Төлегенұлы 1996 жылы 4 қарашада Павлодар қаласында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2018 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетін «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдады. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады (2020ж). VII сайланған Успен аудандық мәслихат депутаты. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі. «Ақ жол» партиясының мүшесі. «ECO-ASTYQ AGROgroup» ЖШС директоры болып табылады.

    Инербаев Есен Өмірбайұлы
    Қызметкерлер

    Инербаев Есен Өмірбайұлы

    Успен аудандық мәслихат депутаты

    Инербаев Есен Умирбаевич 1981 жылы 9 қыркүйекте РФ, Алтай өлкесі, Бурла ауданы, Бурла ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2004 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «тарих, экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша аяқтады. VII сайланған Успен аудандық мәслихат депутаты. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

    Каримова Жанна Асқарбекқызы
    Қызметкерлер

    Каримова Жанна Асқарбекқызы

    Успен аудандық мәслихат депутаты

    Каримова Жанна Асқарбекқызы 1967 жылы 28 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Қарасу ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2006 жылы Өскемен педагогикалық институтын «орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады. VII сайланған Успен аудандық мәслихат депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

    Наукенов Гадыл Неғматұлы
    Қызметкерлер

    Наукенов Гадыл Неғматұлы

    Успен аудандық мәслихат депутаты

    Наукенов Гадыл Неғматұлы 1971 жылы 1 мамырда Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1998 жылы Павлодар мемлекеттік университетін аяқтады. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдады. VI, VII сайланған Успен аудандық мәслихат депутаты. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы. «Nur Otan» партиясының мүшесі.