Жуматанова Айнаш Егимбаевна

    № 7 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты

    Жуматанова Айнаш Егимбаевна
    Депутат маслихата

    Жуматанова Айнаш Егимбаевна

    № 7 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Айнаш Егімбайқызы 1974 жылы 25 желтоқсанда Павлодар облысы, Успен ауданының Богатырь ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2013 жылы Инновациялық Еуразия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін «экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1994 жылы Богатырь ауылында бастады. 1996-2010 жылдары Екібастұз қаласында әр түрлі лауазымдарда еңбек етті. 2010-2012 жылдары Успен ауданы Богатырь ауылы әкімі аппаратының бас маманы болды. Кәсіби және ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде 2012-2019 жылдары Успен ауданы Богатырь ауылының әкімі лауазымына тағайындалды. 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында Успен ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2019-2025 жылдары Ольгин ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды. 2025 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясының Успен аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып табылады. № 7 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты және экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері