
Скакова Асем Темирболатовна
№ 2 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Скакова Әсем Темірболатқызы 1980 жылы 27 желтоқсанда Успен ауданының Қаратай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, «Қайнар» Алматы университетін «қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек өтілін 2000 жылы Успен ауданының Қаратай орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде бастады. 2004-2007 жылдары Ильичевка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, 2007-2009 жылдары Дмитриев негізгі мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі, 2009-2010 жылдары Успен ауданының жер қатынастары бөлімінің аудармашысы, 2010-2013 жылдары Успен ауданының білім бөлімінің әдіскері, 2013-2018 жылдары «Апта айнасы», «Аймақ ажары» аудандық газеті редакторының (директорының) орынбасары, журналист болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Успен ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ басшысы болып табылады. №2 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы болып сайланды. «AMANAT» партиясының мүшесі.





