
Депутат маслихата
Бекенов Бейбыт Жолжанович
№ 1 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Бекенов Бейбыт Жолжанұлы 1964 жылы 26 тамызда Успен ауданының Қаратай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек өтілін 1997 жылы Павлодар қаласының ІІБ қылмыстық-атқару комитетінің басқармасында бастады. 2003-2017 жылдары Успен ауданы Қаратай ауылының әкімі лауазымын атқарды. 2017-2018 жылдары Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымдарында жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап 2023 жылға дейін Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Сауық орталығы» МҚКК директоры болып істеді. 2023 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Успен ауданының тарихи-өлкетану мұражайы» МҚКК әдіскер-әкімшісі болып қызмет етеді. VII, VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі болып сайланды. «АУЫЛ» партиясының мүшесі.





