
Бараисов Жасталап Раймбекович
Успен аудандық мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Бараисов Жасталап Раймбекұлы 1975 жылы 26 сәуірде Ресей Федерациясы, Новосібір облысы, Баган ауданы, Петрушино ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, Новосібір мемлекеттік аграрлық университетін «мал дәрігері» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек қызметін 1999 жылы ҚР АШМ Успен аудандық аумақтық инспекциясының ветеринарлық қадағалау бөлімінің бастығы болып бастады. 2008-2009 жылдары «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастырушылық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2009-2012 жылдары «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысы, 2012-2021 жылдары Успен ауданының ветеринариялық лабораториясының меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істеді. 2021-2013 жылдары VII сайланған Успен аудандық мәслихат хатшысы болып қызмет етті. V, VI, VII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты.
Қазіргі таңда VIII сайланған Успен аудандық мәслихат төрағасы болып табылады. № 6 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі.
