
Теплая Наталья Анатольевна
№ 10 сайлау округі бойынша Успен аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Теплая Наталья Анатольевна 1974 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы Шахтинск қаласында дүниеге келді. «Бухгалтер» мамандығы бойынша арнайы орта білімі бар.
Еңбек жолын 1996 жылы Успен аудандық байланыс торабында пошташы болып бастаған. 1998-2000 жылдары Успен ауданы Галицк ауылында Глазырин атындағы өндірістік кооперативтің энергия бақылаушысы, одан кейін «Галицкое» ЖШС құрылыс учаскесінің нормалаушы болып жұмыс істеді. 2006-2016 жылдары жеке кәсіпкерлік ашып, өз ісімен айналысқан. 2016-2018 жылдары Успен аудандық байланыс торабының Галицк ауылдық пошта байланысы бөлімшесінің бастығы қызметін атқарды. 2018-2022 жылдары «Галицкое» ЖШС бухгалтері болып жұмыс істеді. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Галицкое» ЖШС бас бухгалтерінің орынбасары қызметін атқарады.
№ 10 сайлау округі бойынша VIII сайланған Успен аудандық мәслихатының депутаты. Заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды. «AMANAT» партиясының мүшесі.





