Қызметкерлер — Жаңаөзен қалалық мәслихаты

    Жаңаөзен қалалық мәслихаты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Байжанов Ғалым Ұлықпанұлы
    Төраға

    Байжанов Ғалым Ұлықпанұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы

    Байжанов Ғалым Ұлықпанұлы, 1979 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. Білімі жоғары, 1997 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Әлеуметтік саладағы «Экономика және менеджмент» мамандығын, 2017 жылы Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Құқықтану» мамандығын оқып тәмамдады.

    Мәслихаттың аппараты

    1
    Қадыров Айбек Асқарұлы
    Ақпаратқа қол жеткізу мəселелері жөніндегі уəкілетті тұлға

    Қадыров Айбек Асқарұлы

    Главный специалист

    Қадыров Айбек Асқарұлы 1993 жылы 27 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келді. 2001-2009 жылдары Жаңаөзен қаласындағы № 6 орта мектепте оқыды. 2009-2011 жылдары аралығында Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданынданы №2 Мәртөк мектеп-гимназиясында оқыды. 2011-2015 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алды.

    Басқа қызметкерлер

    17
    Батышева Айша Жұмағазықызы
    Бас маман

    Батышева Айша Жұмағазықызы

    Бас маман - есепші

    Батышева Айша Джумагазиевна 1967 жылы 02 қазанда Түркменістан Республикасы, Красноводск облысы, Небит-Даг қаласы, Огланлы поселкесінде дүниеге келді. 1982 жылы орта мектепті бітіріп, 1982 жылы Небит-даг қаласында №40 кәсіптік училищеде сатушы мамандығы бойынша оқуға түсіп 1985 жылы оқып бітірді.

    Күмісбаев Ақмұрат Жүзбайұлы
    Мәслихат депутат

    Күмісбаев Ақмұрат Жүзбайұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Күмісбаев Ақмұрат Жүзбайұлы 1981 жылы 06 желтоқсан Туркменистан Республикасы Ташауыз облысы Ленин районында дүниеге келген. 1998 жылы № 5 орта мектепті аяқтап, 1998 жылы Ш.Есенов атындағы жоғарғы университетіне түсіп, 2003 жылы «Таукен Инженер» мамандығын алып шыққан.

    Ноғаев Асқар Оралбайұлы
    Мәслихат депутат

    Ноғаев Асқар Оралбайұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Ногаев Аскар Оралбаевич 1988 жылы 13 наурызда Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 2006-2009 жж Мағыстау политехникалық колледжінде Мұнай және газ кенорындарын пайдалану мамандығы бойынша білім алған. 2011-2014 жж. С.Байішев атындағы Ақтөбе университетінде "мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша бітірген.

    Қадыров Айбек Асқарұлы
    Бас маман

    Қадыров Айбек Асқарұлы

    Бас маман

    Қадыров Айбек Асқарұлы 1993 жылы 27 қыркүйекте Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келді. 2001-2009 жылдары Жаңаөзен қаласындағы № 6 орта мектепте оқыды. 2009-2011 жылдары аралығында Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданындағы орта мектебінде оқыды. 2011-2015 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алды.

    Қаржаубаева Мереке Мизамбекқызы
    Бас маман

    Қаржаубаева Мереке Мизамбекқызы

    Бас маман

    Қаржаубаева Мереке Мизамбекқызы 1995 жылы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Қарқия ауданында дүниеге келді. 2002-2013 жылдары аралығында Қарақия ауданы Құланды орта мектебінде оқыды. 2013-2017 жылдары Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг универсетінің Құқықтану мамандығы бойынша білім алды.

    Өтешов Аманкелді Төлегенұлы
    Мәслихат депутат

    Өтешов Аманкелді Төлегенұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Аманкелді Өтешов Төлегенұлы 1986 жылы 4 -ші ақпанда Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қашаған Күржіманұлы атындағы № 8 орта мектепке аяқ басып 2003 жылы осы мектептің түлегі болып оқуын аяқтаған. Білімі жоғары 2003-2008 жылдар аралығында «М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» «Кеме жүргізуші» мамандығын оқыған. Одан кейін Атырау қаласында орналасқан Мұнай және Газ» университетінің «Мұнай және Газ саласының Экономисті» мамандығын оқыған.

    Сарсенбаева Ақмейір Қонысқызы
    Қызметкерлер

    Сарсенбаева Ақмейір Қонысқызы

    Статист

    Сарсенбаева Акмеир Конысовна, 1990 жылы 4-маусымда, Жаңаөзен қаласында дүниеге келді. Отбасында ата-анасығ екі інісі, сіңлісі бар. 1996 жылы № 4 орта мектептің 9 сыныбын бітірген. 2006 жылы Жаңаөзен политехникалық колледжіне түсті. Оны 2010 жылы бітірген.

    Ұлықпан Сәбит Мұратбайұлы
    Мәслихат депутат

    Ұлықпан Сәбит Мұратбайұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Ұлықпан Сәбит Мұратбайұлы 1982 жылы Қарақалпакстан автономиялы республикасының Хожелі ауданында дуниеге келді. 1989 жылы аталған ауданның Әмудария ұжымшарындағы № 33 қазақ мектебіне бірінші сыныпқа қабылданды. 1999 жылы мектепті бітіріп, бір жыл ауылдағы шаруашылықта еңбек етті.

    Ізтілеуов Қосай Мусаханұлы
    Мәслихат депутат

    Ізтілеуов Қосай Мусаханұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Изтилеуов Қосай Мусаханұлы 01.10.1982 жылы көпбалалы отбасыдан дүниеге келдім. 2001-2007 жыл аралығында Алматы қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің, мұнай және газ скважиналарын бұрғылай факультетінде, «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау» мамандығы бойынша білім алдым.

    Сабиев Ерлан Жумабаевич
    Мәслихат депутат

    Сабиев Ерлан Жумабаевич

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    ӨМІРБАЯН Мен, Сабиев Ерлан Жумабаевич 28.06.1989 жылы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында туылдым. 1996 жылы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылында №14 орта мектепке 1 классқа барып, 2007 жылы 11 класс бітірдім. 2008 жылы Қытай Халық Республикасы «СинЖан» тілдер университетіне оқуға түсіп, 2009 жылы бітірдім. 2009 жылы Алматы қаласы М.Тынышбаев атындағы университетке түсіп, 2013 жылы автоматтандыру жүйесін басқару мамандығын алып оқуды бітірдім. 2008 жылдан бастап «МунайСпецСнаб Компани» ЖШС-нің директор қызметіндемін. Жаңаөзен қаласының әкімдігімен бірнеше төс белгілермен және алғыс хаттармен марапатталғанмын. Менің жақын туыстарым: Әкем: Сабиев Жумабай 01.10.1951 ж.т, зейнеткер. Анасы: Сабиева Ырысты 04.01.1949 ж.т, зейнеткер. Апасы: Сабиева Нагима Жумабаевна Әйелі: Кумекбаева Анар Сабитовна 3 баланың әкесі

    Мусаев Темір ᅠ
    Мәслихат депутат

    Мусаев Темір ᅠ

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Мусаев Темир 1963 жылы 8 желтоқсанда Түркменстан Республикасының Ташауыз облысында дүниеге келген дүниеге келген. 1981 жылы Жаңаөзен қаласындағы №1 орта мектепті үздік бітірген. 1991-1995 жылдары Атырау қаласындағы политехника техникумын техник-механик мамандығын бітірген. 2000 жылы Қарағандыдағы Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік Университетінің инженер-энергетик мамандығын алған.

    Сейдов Орынбасар Асамбайұлы
    Мәслихат депутат

    Сейдов Орынбасар Асамбайұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Сейдов Орынбасар Асамбайұлы 1988 жылы Түркіменстан Республикасы, Балқан облысында дүниеге келген. 2004-2007 жылдар аралығында Ақтөбе облысындағы С.Бәйішев атындағы университет жанындағы колледжді «Экономика, бухгалтер, есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2009-2011 жылдары С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде сырттай «Қаржы» мамандығын тәмамдаған. 2015-2018 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласындағы Политехникалық колледждің «Мұнай және газ ісі» мамандығын меңгерген.

    Хусайнов Канат Дуйшанбаевич
    Қызметкерлер

    Хусайнов Канат Дуйшанбаевич

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    1992 жылы 02 шілде Түрікменстан Республикасы Дашогуз облысында дүниеге келді Білімі жоғары - Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Заңгер» мамандығы

    Жапарова Раушан Өтелгенқызы
    Мәслихат депутат

    Жапарова Раушан Өтелгенқызы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Мен, Жапарова Раушан Утелгеновна, 1967 жылы 16 маусымда Маңғыстау облысы Қызылсай кентінде жұмысшылар отбасында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар: 1987 жылдан 1993 жылға дейін Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институты “Педиатрия” факультетіне түсіп, педиатр дәрігері мамандығымен аяқтады. 2019 жылдан 2021 жылға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін “Экономика бакалавр” дәрежесімен аяқтады.

    Белшер Нұрлан Тукмағанбетұлы
    Мәслихат депутат

    Белшер Нұрлан Тукмағанбетұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Нұрлан Тукмағанбетұлы Белшер 1973 жылы 14 шілдеде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Отбасылы, 3 баласы бар. 1989 жылы Жаңаөзен қаласының №2 орта мектебін бітірген. Білімі жоғары, 2000 жылы Ақтау қаласындағы Есенов атындағы университетін бітірген, 2019 жылы Almaty Management University бітірген.