
Өмірбаян
Байжанов Ғалым Ұлықпанұлы, 1979 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. Білімі жоғары, 1997 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің Әлеуметтік саладағы «Экономика және менеджмент» мамандығын, 2017 жылы Ақтөбе қаласындағы Қазақ-Орыс Халықаралық университетінің «Құқықтану» мамандығын оқып тәмамдады.
Еңбек жолын,
2000 - 2001 жж. – «Құлагер» ЖШС жүргізуші болып бастаған.
2002 - 2003 жж. – «Жаңаөзен қалалық жастар орталығы» МКҚК бас маманы.
2004 - 2006 жж. «Теңге ауылы әкімінің аппараты» бас маманы.
2006 - 2008 жж. – «Жаңаөзен қалалық жастар орталығы» МКҚК директордың міндетін атқарушы.
2008 - 2011 жж. «Жаңаөзен қалалық Ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы.
2011 - 2012 жж. «Нұр Отан» партиясы ЖҚФ төрағаның орынбасары.
2012 - 2018 жж. «Нұр Отан» партиясы ЖҚФ төрағаның бірінші орынбасары.
2018 - 2022 жж. Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «КЕЗБИ» ЖШС директорының кеңесшісі қызметінде болды.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының V шақырылым депутаты (2012-2016 жж.).
Жаңаөзен қалалық мәслихатының VI шақырылым депутаты (2016-2018 жж.).
VІІІ шақырылымда сайланған Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты.
2007 жылы 18 тамыз ҚР Мәслихаттар депутаттарын сайлауда Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 3 округтік сайлау комиссиясының төрағасы қызметтерін де қосымша атқарды.
Халықтар арасындағы достыққа елеулі үлес қосқан, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін ҚР Президенті 2015 жылы 3 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталды.
2015 жылы ҚР Президентінің сайлауын өткізуге белсене қатысқаны үшін ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
Республикалық, облыстық және қалалық деңгейлердегі қоғамдық қорлар, облыс, қала әкімдерінің алғыс хаттарын алды.
Мемлекеттік және мерекелік төсбелгілермен марапатталды.
Отбасылы, төрт баланың әкесі.