Өтешов Аманкелді Төлегенұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Өтешов Аманкелді Төлегенұлы
    Депутат маслихата

    Өтешов Аманкелді Төлегенұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Аманкелді Өтешов Төлегенұлы 1986 жылы 4 -ші ақпанда Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.
    1992 жылы Қашаған Күржіманұлы атындағы № 8 орта мектепке аяқ басып 2003 жылы осы мектептің түлегі болып оқуын аяқтаған.

    Білімі жоғары 2003-2008 жылдар аралығында «М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» «Кеме жүргізуші» мамандығын оқыған. Одан кейін Атырау қаласында орналасқан Мұнай және Газ» университетінің «Мұнай және Газ саласының Экономисті» мамандығын оқыған.

    Еңбек жолын Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан «Қашаған» кен орынында мотрос қызметінен бастаған. Кейін Жаңаөзен қаласының «Жастар» орталығында директордың орынбасары және кеңесшісі мамандығын атқарған. ЖШС «Бұрғылау» мекесінің жанынан құрылған «Бұрғылау Жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып, кейін «Бұрғылау» мекемесінде келісімшартпен ұйымдастырушы қызметін атқарған.

    Марапаттары: Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. Жастар арасында танымал тұлға,қоғам белсендісі ретінде Облыстық деңгейдегі және Жаңаөзен қаласы әкімдерінің алғыс хаттарын алған. Бұрын еш жерде партияда болмаған. Елін сүйіп күш жігерін елдің игілігі үшін жұмсап жүрген азаматтардың бірі.
    Көп балалы әке (8-бала).

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері