
Белшер Нұрлан Тукмағанбетұлы
Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Нұрлан Тукмағанбетұлы Белшер 1973 жылы 14 шілдеде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Отбасылы, 3 баласы бар. 1989 жылы Жаңаөзен қаласының №2 орта мектебін бітірген. Білімі жоғары, 2000 жылы Ақтау қаласындағы Есенов атындағы университетін бітірген, 2019 жылы Almaty Management University бітірген.
Еңбек жолын «Өзен бұрғылау басқармасы» мекемесінде 12.07.1989ж. тоқжөндеуші ретінде жұмысын бастап, 01.04.1996ж. көлік цехының бақылаушы механигі болып ауысты, 11.09.1997ж.- аға механигі, 01.04.1999ж.- бақылаушы механигі, 01.05.1999ж. - көлік бойынша инженері, 01.11.2003ж. – көлік бойынша жетекші инженер, 02.05.2007ж.- мұнара құрылысы және көлік бойынша бастықтың орынбасары, 02.03.2009ж. - көлік бойынша атқарушы директоры болып ауысып,өзінің жұмысқа деген жауапкершілігі молдығы, іскерлігі, алдына қойылған мақсаттарын бағындыра білетін жұмыскер болғандығынан 19.07.2012ж. бастап 02.08.2016жылга дейн бас директордың логистика және көлік бойынша орынбасары болып жоғарлаған.
2000 жылдан бастап «Отан», «Нұр Отан», «Аманат» партиясының мүшесі.
2000 жылдан бастап 2007 жылға дейін «Бұрғылау» ЖШС-нің босатылмаған кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызметін атқарды.
03.08.2016 – 02.12.2016ж. «MH INDUSTRY» ЖШС –нің көлік бойынша бас директордың орынбасары болған;
05.12.2016 – 30.06.2017ж. «СБП «КазМунайГаз-Бурение» ЖШС-нің көлік жөніндегі бас директордың орынбасары болған;
01.07.2017 – 04.08.2020 аралығында «Мұнай көлік» ЖШС-нің бас директорының қызметін атқарған.
05.08.2020жылдан бастап осы күнге дейін «МунайФилдСервис» ЖШС –нің бас директоры қызметін атқарып келеді.
2020 жылдан Нұрлан Тукмағанбетұлы басқарып отырған «МунайФилдСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, қазіргі таңда жоғары деңгейде жұмысын атқаруда. Сондай-ақ, әріптестердің арасында өте беделді. Ол өзінің тәжірибесімен қатардағы қызметкерлермен бөлісіп, оларға қол қабыс беруге таянбайды. Мекеменің алдына қойылған жоспарларды орындауға ұжымға толық мүмкіндік беріп, оларды жоғары деңгейде орындауға талап қояды.
Жалпы жұмыс өтілі және саладағы жұмыс өтілі- 33 жыл.
Еңбек жолында адал қызметі үшін келесі марапаттарға ие болған:
2009 жылы – Мұнайшылар күніне «Бұрғылау» ЖШС-нің Құрмет грамотасымен марапатталған;
2010 жылы – Мұнайшылар күніне «MH INDUSTRY» ЖШС –нің Құрмет грамотасымен марапатталған;
2011 жылы – Маңғыстау облысының мұнайының 50 жылдығына төс белгісімен марапатталған;
2011 жылы – Көлік қызметкерлерінің күніне «Бұрғылау» ЖШС-нің Құрмет грамотасымен марапатталған;
2014 жылы – «ӨзенМұнайГаз» ЖШС –нің 50 жылдығына «Өзен» кенорнының дамуына қосқан үлесі үшін төс белгісімен марапатталған;
2015 жылы – «Бұрғылау» ЖШС-нің 50 жылдығына және «Өзен» кенорнының дамуына қосқан үлесі үшін төс белгісімен марапатталған;
2015 жылы - «Өзен» кенорнының дамуына қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған;
2015 жылы – Жаңаөзен қаласын дамытуына қосқан үлесі үшін Жаңаөзен қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған;
2016 жылы - Еңбегі, кәсіби шеберлігі үшін «Бұрғылау» ЖШС-нің цементтеу цехының құрылғанына 20 жыл толуына орай «Бұрғылау» ЖШС кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хатымен марапатталған;
2016 жылы - тампонаж цехының 20 жылдығына орай, «Бұрғылау» ЖШС мен «MH Industry» холдингінің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін «MH Industry» ЖШС-нің Құрмет грамотасымен марапатталған;
2018 жылы - Мұнайшылар күніне «MH INDUSTRY» ЖШС-нің Құрмет грамотасымен марапатталған;
2018 жылы – Атырау аумағының дамуына қосқан үлесі үшін Атырау кәсіпкерлер Палатасының Құрмет грамотасымен марапатталған;
2018 жылы – Мұнайшылар күніне «Мұнайкөлік» ЖШС-нің дамуына қосқан үлесі үшін төс белгісімен марапатталған;
2019 жылы – Мұнайшылар күніне «Қазақстан мұнайына 120 жыл» төс белгісімен марапатталған;
2020 жылы - «MH INDUSTRY» ЖШС –нің «Мунайкөлік» ЖШС-нің экономикалық деңгейін жоғарлатқаны үшін алғыс хатымен марапатталған;
2020 жылы – «Мунай Колик» ЖШС-нің көлік жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі және көп жылғы еңбегі үшін «СБП «Қазмұнайгаз-Бүрение» ЖШС-нің алғыс хатымен марапатталған;
2021 жылы - Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Жаңаөзен қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталған;
2021 жылы – Мұнай және газ өнеркәсібі жұмысшысы күніне орай еңбек қызметінің толық кезеңіндегі адал еңбегі және кәсіби жетістіктері үшін «KazBurInvest» ЖШС-нің Құрмет грамотасымен марапатталған;
2021 жылы - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарынның сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін «Nur Otan» партиясының төрағасы Н. Ә. Назарбаевтің алғыс хатымен марапатталған;
2021 жылы - «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» ЖШС-нің «Балықшы барлау-бұрғылау басқармасына 50 жыл» төс белгісімен марапатталды;
2022 жылы – «Ембімұнайгаз АҚ-на 100 жыл» мерейтойлық төс белгісімен марапатталған;
2022 жылы - Жаңаөзен қаласының «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атағы берілді.
Жаңаөзен қалалық маслихатының сегізінші шақырылымының депутаты.





