
Ұлықпан Сәбит Мұратбайұлы
Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Ұлықпан Сәбит Мұратбайұлы 1982 жылы Қарақалпакстан автономиялы республикасының Хожелі ауданында дуниеге келді. 1989 жылы аталған ауданның Әмудария ұжымшарындағы № 33 қазақ мектебіне бірінші сыныпқа қабылданды. 1999 жылы мектепті бітіріп, бір жыл ауылдағы шаруашылықта еңбек етті.
2000 жылы Нөкіс Мемлекеттік Педагогикалық Институтының филология факультетіне оқуға түсті. Білім ала жүріп, Ташкент қаласына қазақ тілінде жарық көретін «Нұрлы жол» республикалык газетінің меншікті тілшісі ретінде жұмыс жасады.
2004 жылы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын меңгеріп, бітіріп шықты. Сол жылы өзі білім алған мектепке қызметке орналасты. 2005 жылы тарихи отаны Қазақстан Республикасына қоныс аудары, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласына орналасты. Сол жылы Қашаған Күржіманұлы атындаты №8 мектепке мұғалім болып қызметке келді.
2006 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ МОФ-ның Жаңаөзен өкілдігіне тілші-редактор қызметіне ауысты. Бүгінгі таңға дейін аталған телеарнада еңбек етіп келеді. Қазір өкілдік жетекшісінің міндетін атқаруда.
Жанұялы, төрт баласы бар.
Маңғыстау облысының әкімдері мен Жаңаөзен қаласы әкімдерінің, «Нұр Отан» ХДП Жаңаөзен қалалық филиалы басшысының, «Қазмұнайгаз» АҚ» БӨ басқармасының бас директоры Ибрашовтаң, ҚР энергетика министрі Н. Ноғаевтың, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Е. Кариннің, Манғыстау телеарнасы директорларының алғыс хаттары мен құрмет грамоталарына ие болған. Теңге ауылының 50 жылдығы, Манғыстау телеарнасының 50 жылдығы төсбелгісімен марапатталған.





