Ізтілеуов Қосай Мусаханұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Ізтілеуов Қосай Мусаханұлы
    Депутат маслихата

    Ізтілеуов Қосай Мусаханұлы

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Изтилеуов Қосай Мусаханұлы 01.10.1982 жылы көпбалалы отбасыдан дүниеге келдім.


    2001-2007 жыл аралығында Алматы қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің, мұнай және газ скважиналарын бұрғылай факультетінде, «Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау» мамандығы бойынша білім алдым.

    Еңбек жолымды 2003-2012 жыл аралығында «Маңғыстау мұнай сервис» ЖШС-де 3-дәрежелі бұрғышы көмекшісі ретінде бастап және басқа да ЖШС-сі мекемелерінде бұрғышы, күрделі жөндеу бригада шебері дәрежесінде қызмет жасадым.

    2012-2019 ж.ж «Өзенмұнайгаз» АҚ, Бұрғылау жұмыстары басқармасында өндірістік техникалык бөлімінін жетекші инженері болдым.

    Кейін, «Өзенмұнайгаз» АҚ, Скважиналарды бұрғылау және күрделі жөндеу департаментінде инженер кызметін аткардым.


    Қазіргі таңда, «Өзенмұнайгаз» АҚ, № 4 Мұнай және газ өндіру басқармасының директордың жалпы сұрақтар жөнінде орынбасары қызметіндемін.

    Еңбек жолында өзімді шебер маман ретінде көрсетіп, жаңа технологияларды меңгеріп, қолдана білдім. Мұнай өндіру саласында еңбек ете жүріп, қоғамдық саяси жұмыстармен белсенді араластым.

    Марапаттары:
    Компания және басқарма басшыларынан бірнеше рет алығыс хаттар алып марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері