
Зәкенов Сембіғали Төрешұлы
Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы
1965 жылы 11 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Сарқамыс кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – мұнайшы инженер. 1991 жылы жоғары білім Министрлігінің жолдамасымен Қазақ Политехникалық институтының Ақтаудағы филиалына мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану кафедрасының оқытушысы болып ұстаздық-ғылыми қызметін бастады. Осы оқу орнында қарапайым оқытушыдан университеттің профессоры дәрежесіне дейінгі мектептен өтті. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының механика және қолданбалы математика институтының күндізгі бөліміне аспиратураға түсіп, 1996 жылы «Сұйық, газ және плазма механикасы» мамандығы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын қорғады. 1998 жылы ҚР Жоғары аттестациялық комитетінің шешімімен «Механика» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 2009 жылы «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша докторлық диссертацияны сәтті қорғап, 2010 жылы «Пайдалы қазбаларды игеру» мамандығы бойынша профессор атағына ие болды. Білім беру саласындағы елеулі еңбектері үшін «Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері» атағы берілді, Қазақстан Республикасының ғылымына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталған. 80-нен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. Оның жетекшілігімен 3 аспирант ғылым кандидаты атағын алу үшін диссертацияларын табысты қорғады.



















