
Абишева Гульмира Айткеновна
Ақтау қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Жамбыл облысында дүниеге келген. 2022 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Халықаралық журналист» мамандығы бойынша үздік бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық академиясында оқытушы болып бастаған.
2003 жылдан 2018 жылға дейін бірқатар республикалық БАҚ-да еңбек сіңірген: «31 канал», «Ар.кз» газеті, «Азаттық» радиосы, қалалық «Тумба» газеті мен «Хабар» агенттігінің Маңғыстау облысындағы тілшісі, тілшілер қосынының жетекшісі.
2018 жылдан 2021 жылға дейін Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығының басшысы қызметін атқарған.
2021 мен 2022 жыл аралығында Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып еңбек етті.
2022 жылдан бері «Маңғыстау Медиа» ШС директоры лауазымында қызмет атқарып келеді.



