
Алапанов Бекзат Нисанович
Ақтау қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1999ж.-2001ж. – Павлодар қаласындағы Павлодар юридикалық колледжінде "Заңгер" (юриспруденция) мамандығын бітірген. 2003ж.-2006ж. – Алматы қаласындағы ҚР ІІМ Академиясында заңгерлік білім алған. 2006ж.-2007ж. – Ұлыбританияның Лондон қаласында «Excel English School» шет тілін үйренген. 2007ж.-2010ж. – Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінде "Мұнай-газ ісі" мамандығын бітірген.
2007-2009 жылдары Маңғыстау облысының Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің бас маманы/бастығының м.а. лауазымдарын атқарды.
2009 ж. Ақтау қаласындағы битум зауытын жобалаумен және оның құрылысымен айналысатын ҚМГ "Kazakhstan Petrochemical Industries" АҚ компаниясының Басқарма төрағасының көмекшісі/одан кейін әкімшілік-шаруашылық бөлімнің бастығы лауазымдарын атқарды.
2013 жылы "Мехстройсервис" АҚ-ның Маңғыстау филиалының директоры қызметіне кірісті.
2013-2017 жылдары "Компания Мехстройктранс-П" ЖШС-да жұмыс істеді, кейін 2017 жылы "М-СтройТранс" ЖШС болып өзгерді, бүгінгі күні сол компанияда бас директор лауазымын атқарады.



