Ақтау қалалық мәслихатының аппараты

    Мәслихат туралы

    Құрметті сайтты пайдаланушылар!

    Ақтау қалалық мәслихатының ресми сайтына қош келдіңіздер!

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

    Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

    Сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерін іске асыруға жәрдемдесу және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта 2 тұрақты комиссия құрылған:

    - Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі;

    - Әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі.

    Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы 2026 жылғы 11 қыркүйек күні өтеді

    Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы 2026 жылғы 11 қыркүйек күні сағат 17:00-да қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 5 қабат 501). Отырыстың қарауына келесі мәселе ұсынылады: 1. «Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын қайта әзірлеу және тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI) бойынша бағалау алгоритмін енгізу туралы» қала прокуратурасының хатын қарау туралы. Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 5 қабат/каб.501. Әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Н.С. Тлепов

    7 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    4 микрорайон, здания №72, 5 этаж 501 каб
    ОтырысАяқталды

    Ақтау қалалық мәслихатының сессиясын шақыру туралы

    VIII шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының отыз бесінші сессиясының МӘСЕЛЕЛЕРІ VIII шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы 2026 жылы 28 тамыз күні сағат 17:00-де қалалық қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 үй, 4 қабат). Сессияның қарауына келесі мәселе ұсынылады: 1. «2026-2028 жылдарға арналған Ақтау қаласының бюджеті туралы» Ақтау қалалық мәслихаттың 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №28/172 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2. «2026-2028 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №28/178 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Мәслихат төрағасы С.Т.Закенов

    24 тамыз 2026 ж.Тікелей
    4 микрорайон, дом №72, 4 этаж
    ОтырысАяқталды

    Ақтау қаласының тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы 2026 жылғы 21 тамыз күні өтеді

    Ақтау қаласының тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы 2026 жылғы 21 тамыз күні сағат 15:00-да қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат 401). Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 15.08.2025 жылғы №7 «Қала жолдарында жол-көлік оқиғаларының жағдайы және оларды азайту бойынша шаралар туралы» қаулысының орындалысы туралы 2. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 25.09.2025 жылғы №8 «Ақтау қаласының полиция басқармасы бастығының 20.08.2025 жылғы шығ. №5-9/4754-N санды хатын қарау туралы» қаулысының орындалысы туралы 3. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған Ақтау қаласы бюджетінің орындалуы және мемлекеттік сатып алулардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша бөлімдердің жұмысы туралы. Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 4 қабат/каб.401. Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.С. Борашев Әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Н.С. Тлепов

    14 тамыз 2026 ж.Тікелей
    4 микрорайон, здания №72, 4 этаж 401 каб
    ОтырысАяқталды

    Ақтау қалалық мәслихатының сессиясын шақыру туралы

    VIII шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының отыз төртінші сессиясының МӘСЕЛЕЛЕРІ VIII шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының кезекті отыз төртінші сессиясы 2026 жылы 21 тамыз күні сағат 17:00-де қалалық қоғамдық ұйымдар ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 үй, 4 қабат). Сессияның қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1.Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары жөніндегі есебі туралы. 2. Маңғыстау облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларына сәйкес қаладағы тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика объектілерінің жылыту маусымына дайындығы туралы. 3. «Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы. 4. Ақтау қалалық мәслихатының №6 сайлау округінің депутаты К.В.Осиннің өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы. 5. Қалалық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы. Мәслихат төрағасы С.Т.Закенов

    10 тамыз 2026 ж.Тікелей
    4 микрорайон, дом №72, 4 этаж
    ОтырысАяқталды

    Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 14 тамыз күні өтеді

    Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 2026 жылғы 14 тамыз күні сағат 10:00-де қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат 401). Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1. Қала әкімдігінің халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша жұмыстары туралы 2. Қоғамдық көлік қозғалысы кестесіне, аялдамалардың жай-күйі мен қолжетімділігіне талдау жүргізу туралы Электрондық төлем жүйесінің тиімділігін және жүргізушілер мәдениетін бақылау туралы 3. «Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №12/76 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тібесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы 4. Ақтау қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 4 қабат/каб.401. ҚК төрағасы С. Карипов

    11 тамыз 2026 ж.Тікелей
    4 микрорайон, здания №72, 4 этаж 401 каб
    ОтырысАяқталды

    Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің он сегізінші отырысы өтеді

    Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы 19 маусым күні сағат 10:00-де қала әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында өтеді (4 шағын аудан, №72 ғимарат, 4 қабат 401). Отырыстың қарауына келесі мәселелер ұсынылады: 1. Қала ішіндегі құрылыс нысандарының, тұрғын үйлердің қаланың Бас жоспарына сәйкес, мақсатқа сай салынып, пайдалануға берілуі, олардың сапасы туралы. Жеңілдетілген шарттармен несиеге салынатын тұрғын үйлердің құрылысын үйлестіру және тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету. 2. Зейнеткерлік жастағы азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау туралы: зейнеткерлер үшін кездесулер, жиналыстар, спорттық-сауықтыру және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлар; қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен клубтар; зейнеткерлік жастағы азаматтарға арналған сабақтар мен оқыту жұмыстарын жүргізу үшін жаттықтырушылар мен нұсқаушыларды тарту. 3. «Халық қатысатын бюджет» жобаларының іске асырылу барысы туралы 4. Қоғамдық қабылдаудың сапалы жұмысын қамтамасыз ету және азаматтардың өтініштерін қарау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы. 5. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы «Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы №1073 қаулысына өгерістермен толықтырулар енгізу туралы». 6. Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің 2025 жылғы 28 ақпандағы №1/3 «Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің комиссияларын құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 6. Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің 25.12.2025 жылғы №11/5 «Ақтау қаласының қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Өтетін орны: 4 ш/а, қала әкімдігінің ғимараты, 4 қабат/каб.401. ҚК төрағасы С. Карипов

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    4 микрорайон, здание №72, 4 этаж, кабинет 401
    Ақпарат

    Ақтау қалалық Қоғамдық кеңесінің 2025 жылы атқарған жұмысы туралы есеп

    Еліміздің барлық аймақтарында Қоғамдық кеңестер 2015 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99-шы қадамында көрсетілген халықтық реформаны орындау негізінде құрылған болатын. Қоғамдық кеңестердің құрылуы еліміздің жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру арқылы қоғамды демократияландыруға бағдар ұсталып отырғандығын, мемлекеттік органдардың жұмысының ашықтығы қалыптастырылып, оған азаматтардың белсене қатысуына жол ашуға мүмкіндік жасалғандығын көрсетіп берді. Мемлекеттік басқару құрылымдары мен халықтың арасындағы байланысты неғұрлым тиімді етуге бағытталған Қоғамдық кеңестердің жұмысының мәні де осында. Іс жүзінде Қоғамдық кеңестер билік органдарының жұмысын, бюджеттің орындалу барысын, қаржының өңірлердің қажеттілігіне сай бөлінуін бақылауды жүзеге асырады. Бұл жаңа құрылым тұрғындар үшін аса маңызды көкейкесті мәселелерді көтеріп және оны шешуге биліктің назарын аударуға ықпал етеді. Барлық ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар Қоғамдық кеңестер белгілі бір мәселелерді шешуге ықпалын тигізетін ұсыныстар мен шешімдерді көпшілік дауыспен қабылдап, тиісті құзырлы органдарға ұсынымдар жолдайды. Ал, құзырлы органдар өз кезегінде Қоғамдық кеңестер тарапынан қабылданған ұсыныстар мен шешімдерді назарда ұстауға міндетті. Бұл міндеттер ҚР Үкіметінің қаулысында да, Қоғамдық кеңестер туралы ҚР Заңында да атап көрсетілген. Қоғамдық кеңестердің барынша тиімді жұмыс істеуі үшін оның құрамына түрлі мамандық иелерінен, кем дегенде үштен екі бөлігі азаматтық қоғамдардың өкілдерінен құрылуы тиіс, сонымен қатар мемлекеттік атқарушы орган өкілдері де Қоғамдық кеңестерге мүше бола алады.. Осылайша әртүрлі топтардан құралған Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралып отырған мәселелерге түрлі көзқарас пен ұстаным тұрғысынан қарауға мүмкіндік береді және өңірдегі өзекті мәселелер мен проблемаларды жан-жақты талдап, объективті бағасын беруіне мүмкіндік берілген. Ақтау қалалық қоғамдық кеңесі өз жұмысында Қазақстан Республикасының “Қоғамдық кеңестер туралы” Заңын және ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанда бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік Ережені басшылыққа алып жұмыс жүргізіп келеді. Енді Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің өткен 2025 жылы атқарған жұмыстары жөнінде нақтырақ айтып өтейін. Ақтау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 10 ақпандағы шешімімен Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің құрамы түрлі қоғамдық ұйымдар мен қала әкімдігінің жауапты қызметкерлерінен 20 адам болып бекітілген болатын. Қоғамдық кеңес мүшелері қаланың экономикалық-әлеуметтік салаларында, қоғамдық ұйымдарда, кәсіпкерлік жүйеде белсенді қызмет жасап жүрген, тәжірибелі азаматтар. 2025 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің 12 отырысы өтті. Оларда барлығы 47 мәселе қаралды. Жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық кеңес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және талқылауға тұрақты түрде қатысып отырды. Мемлекеттік органдар басшыларының баяндамалары тыңдалып, қоғамдық пікір мен ұсыныстар ескерілді. 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының барысы, туындаған проблемалар және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар жөнінде қаланың коммуналдық қызметтерінің есептері қаралды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, энергиямен және сумен қамтамасыз ететін мекемелердің жұмысына қатысты бірқатар сын-ескертпелер айтылып, нақты ұсыныстар берілді. ІІ тоқсанда Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының 2024 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы туралы есептер тыңдалды. Бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы кеңінен талқыланып, экономика және бюджет саласы бойынша ұсыныстар әзірленді. Қаланың алдағы қыс маусымына дайындық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік және энергетика объектілерінің жылыту маусымына әзірлігі, сондай-ақ тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды ауызсумен және жылумен қамтамасыз ету жағдайы Қоғамдық кеңестің отырысында қаралды. Кеңес осы бағытта мониторинг жүргізу мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен бірлескен мониторингтік топ құру жөнінде ұсыныс енгізіп, мәселені қоғамдық бақылауға алды. Осы тұрғыда, қоғамдық кеңес «МАЭК» ЖШС-не қалалық әкімдікке, ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭС 2025 жылдың жаз айында жылу желілерінің жұмыс режимін дайындап жіберуді, жылу желілерінің магистралдық құбырларына гидравликалық сынақтар жүргізіп, ақауларды жоюды, қысқы жұмыс режимі алдында магистралдық құбырларды жуып-шаюды, сондай-ақ коммерциялық шығын өлшегіш оралымдарды жазғыдан қысқыға ауыстыру жұмыстарын қамтамасыз етуді ұсынды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қазандықтар, жылу желілері және тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларының техникалық жай-күйін, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен бақылауды қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау объектілеріне айрықша көңіл бөліп, әлеуметтік нысандардың жылыту жүйесін тазалау мен бекіту жұмыстарын мерзімінде аяқтау, күзгі-қысқы кезеңге қаланы үздіксіз сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру ұсынылды. Тұрғын үй инспекциясы бөліміне тұрғын үйлердің жылыту жүйесін тазалау, бекіту, суық және ыстық сумен жабдықтау жүйесін жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау, энергиямен жабдықтау ұйымдарымен жылу есебінің ортақ жүйесін сақтау және оған техникалық қызмет көрсету бойынша шарт жасау, сондай-ақ көппәтерлі үйлер иелерімен шарттық қатынастарды рәсімдеудің белгіленген тәртібін сақтау бойынша қадағалау жүргізу ұсынылды. Қала шағын аудандарындағы балалар және спорт алаңдарының жай-күйі, оларды жақсарту және қалпына келтіру шаралары Қоғамдық кеңестің отырысында қаралды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің есебі тыңдалып, тұрғындармен кері байланысты күшейту мақсатында «Telegram» әлеуметтік желісінде арнайы чат ашу және мердігер ұйымдардың байланыс тұлғаларының деректерін жариялау жөнінде ұсыныс берілді. Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, контейнерлердің жеткіліктілігі және қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмыс жағдайы қаралып, мониторингтік топ құру арқылы қоғамдық бақылау күшейтілді. Қала аумағында қоқыс жәшіктерінің жеткілікті орналастырылуын қамтамасыз ету, коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындардың өз аумақтарындағы люктердің жабық болуын бақылау, «Асыл Парк» тұрғын үй кешенінің маңындағы ойықтарды жабу, шағынаудандарда қазылған жерлерді мердігер ұйымдар тарапынан қалпына келтіру, сондай-ақ №2 қалалық емхананың қарсы бетінде жаңа жол ашу мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныстар енгізілді. Және қала әкімдігіне 10-шағын ауданындағы «Ботаникалық бақты» халыққа қолайлы мерзімдерде пайдалану, таза ауада серуендеу және демалысқа қолайлы ету мәселесін қарастыру, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және өңдеу бойынша облыста қоқыс өңдеу зауытын салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қаланы көгалдандыруды дамыту бойынша жобаларды іске асыру, қаланың түрлі мекемелерімен және мердігер компаниялармен жұмыс жүргізу, санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тиісті іс-шараларды қабылдау тапсырылды. Қала тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен және жергілікті көкөніс өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету, баға тұрақтылығына қоғамдық бақылау орнату мақсатында Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің есебі тыңдалып, нақты ұсыныстар енгізілді. Кеңес әлеуметтік бұрыштардың қолжетімділігін арттыру, заманауи талаптарға сай жәрмеңкелерді бірнеше орында ұйымдастыру және «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушы жергілікті өндірушілерді қолдау жөнінде ұсыныстар берді. Қала бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарын айқындау мәселесі қаралып, тұрғын үй сертификаттарын беру аясын кеңейту, оның ішінде тек әлеуметтік осал топтарға ғана емес, «Наурыз» бағдарламасына қатысушы Қазақстан Республикасы азаматтары мен қандастарды қамту жөнінде нақты ұсыныс енгізілді. Қоғамдық кеңес мүшелері қала аумағындағы дәрілік заттардың бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізді. Кеңес мүшелерінен құрылған арнайы жұмыс тобы қала аумағында дәрілік заттардың бағасына жүргізілген мониторинг барысында анықталған негізсіз көтеріңкі бағалар бойынша «DariKZ» мобильді қосымшасы арқылы тиісті шағымдар жолдады. Сонымен қатар, тұрғындар арасында дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік бақылау тетіктері жөнінде кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аталған қосымшаны пайдалану тәртібі халыққа кеңінен насихатталу қажеттігі жөнінде денсаулық басқармасына ұсыныс берді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы мектеп асханаларында көрсетілетін тамақтану қызметінің сапасы мен санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуына қатысты тексеру жұмыстары жүзеге асырылды. Аталған іс-шаралар шеңберінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі, дайындалу технологиясы, сақтау шарттары және оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасы жан-жақты зерделенді. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарау жұмысына белсенді түрде қатысты. Есептік кезеңде келіп түскен өтініштердің басым бөлігі, атап айтқанда жұмыспен қамту мәселелері, 15-шағынаудандағы заңсыз құрылысқа қатысты мәселе, Шығыс шағынауданындағы жол жамылғысының шұңқырлы жағдайы бойынша көтерілген түйткілдер оң шешімін тапты. Ал бірқатар мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар жолданды. Бұл бағыттағы жұмыс Қоғамдық кеңес қызметінің маңызды әрі басым бағыттарының бірі болып қала береді. Әкіммен өткізілген жиындар барысында Қоғамдық кеңес мүшелері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын ашу, теңіз жағалауында балаларға арналған демалыс алаңын ұйымдастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, сондай-ақ жылу және сумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Қоғамдық кеңестің алдағы жылға арналған жұмыс жоспары жыл басталмай тұрып алдын ала талқыланып, 2025 жылғы 21 желтоқсанда өткен Қоғамдық кеңес отырысында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жұмыс жоспары тоқсандар бойынша қалыптастырылып, І тоқсанда 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының барысы, қалалық коммуналдық қызметтердің есебі, қала мектептерінің жағдайы мен оларды дамыту перспективалары, буллингтің алдын алу, әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігі, денсаулық сақтау ұйымдарындағы қызмет сапасы, мектептер мен балалар спорт алаңдарының қауіпсіздігі, 2025 жылы қабылданған ұсынымдардың іске асырылу барысы қаралатын болады. Сондай-ақ қалаішілік құрылыс нысандарының Бас жоспарға сәйкестігі, жастарға арналған бос уақыт орталықтарының жұмысы, «Ашық әкімдік» және «Халық қатысатын бюджет» жобаларының іске асырылу барысы, медициналық көмектің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, ауыз су сапасын бақылау, коммуналдық тарифтерге талдау, қоғамдық көлік қозғалысының қолжетімділігі мен қауіпсіздігі, сондай-ақ Ақтау қаласын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған жоспарының іске асырылу барысы қаралатын болады. IV тоқсанда 2027-2029 жылдарға арналған Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылы бюджеттерінің жобалары, сондай-ақ 2027 жылға арналған Ақтау қаласының Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары талқылауға шығарылады. Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақтау қаласының Қоғамдық кеңесінің 2024 жылда атқарылған қызметі туралы есеп.

    2022 жылғы ақпан айында сайланған Ақтау қаласының Қоғамдық кеңесінің жұмысы өз мәресіне жетті. Үш жылдың ішінде Қоғамдық кеңес өзінің жоспарланған іс-шараларына сәйкес жұмысын атқарды. «Қоғамдық кеңестер жөніндегі» Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестің жұмысы үш жылмен белгіленген, соның соңғы 2024 жылды өзімнің төрағалығымен өткен. Сондай-ақ, қысқаша Қоғамдық кеңестің жұмыстарын атап өтейін. Қоғамдық кеңестің, 1-ші және 2-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарын екі мерзімге бөліп атап өтейін. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығын Қоғамдық кеңесінің құрамынан шыққан мүшелерінің орнына жаңа мүшелер қабылдап, екеуі өкіліеттік органнан – Нұртас Сали және Жанболат Жақыпов, екеуі ҮЕҰ өкілдерін – Рахманова Шынар және Кенжебек Сержан, солармен бірге Қоғамдық кеңестің маңызын арттыра түрып, жұмысын жалғастырды. Бірінші жартыжылдықта 6 отырыс өтті, Қоғамдық кеңестің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес маңызды мәселелер қаралды. Барлығы 46 мәселе қаралды, соның ішінде 17 мәселе нормативтік құқықтық актілерге қатысты. Отырыстарда Қоғамдық кеңестің 17 мүшелерінен 10 мүше тұрақты түрде қатысып тұрды. Өкінішке орай, Қоғамдық кеңестің жұмысына барлық мүшелер белсенді қатыспағаны жақсы үрдіс емес, ол жөнінде 1-ші жартыжылдыққа арналған есебімде айтып өткенмін, қаралған кей бір мәселелердің қабылданып жатқан шешімдеріміз қақаншалықты дұрыс екенін білу үшін олардың да пікірлері қажет екендігін ескерттім. Дегенмен айтылған ескертпе ескерілмей қалған сыяқты. Әртүрлі себептермен сол мүшелер кезекті отырыстарға қатыспай қалды. Жалпы айтқым келгені, егер Қоғамдық кеңестің мүшесі болғысы келіп, жұмыс тобының сараптамасынан өтіп, шын ниетімен сайланған болса, онда халықтың мүддесін қорғау үшін, Қоғамдық кеңестің кезекті отырыстарына қатысып, мәселерді талқылап, дұрыс шешімдерді, ұсынылымдарды қабылдау үшін үлесін қосу керек, Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарында көкейінде тұрған мәселелер көрсетілмеген болса, қосымша еңгізуге ұсыныстарын жолдау керек. Жалпы 2024 жылдағы 1-ші жартыжылдығында қаралған мағызды мәселелердің бірі, ол қаланың және Өмірзақ ауылының бюджетін жоспарлауы және орындалуы, сондай-ақ абаттандыру, көгалдандыру, шағын сәулет нысандарын жөндеу және қалпына келтіру, жылы аялдамалар және басқада маңызды шығындарға қанша қаражат қарастырылғаны. Экономика және бюджеттік жоспарлау комиссиясының басшысы Ким А.Н. білікті маман және сарапшы ретінде, бірқатар нақты ұсыныстар мен ұсынылымдар ұсынды, ол үсынымды қала әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің назарына алынып жүзеге асырылды. Қаржы мәселерінен басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері қаралды, оның ішінде қала аумағының абаттандыру, көгалдандыру және жасыл желектерді суару мәселелері. Қаладағы тұрғын үйлерді ыстық және суық сумен, су бұру және жылумен қамтамасыз ету, «МАЭК» ЖШС, «КЖСА» МКК қалалық коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпорындардың қызметінің сапасы мен қажетті көлемдері. Тұрғындарға ауыз сумен және жылыту маусымында жылумен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселе көтерілді. Магистралдық жылу құбырларының, тіпті жылуды беретін «МАЭК» ЖШС-гінің өзінде жабдықтардың және басқа да мәселелердің қаншалықты нашар дайындалғанын өткен қыс көрсетті. Барлық мәселелер бойынша коммуналдық кәсіпорындардың жауапты өкілдерін тыңдап, келесі жылыту мауысымына дейін орын алған ақауларды жою және алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданатына, сондай-ақ, қаланың жылу желісінің магистральдық және тарату құбырларын, энергокомбинаттың жабдықтарын ауыстыру жұмыстары және тұрғын үй қорына жылу мен қамтамасыз етуін жақсартуына ықпал ететін басқа да жұмыстар жоспарлануына кепілдік алдық. Өздеріңізге мәлім, жоспар бойынша қаладағы орталық жылу желілерін қүрделі ауыстыру жұмыстары жүргізілді, олар жылу жеткізу және кері қайту құбырлары 23 километр құрайды (жеткізу мен кері қайту желілері 11500 метрден). Қаламызда бірінші кезек болған осындай жөндеу жұмыстар жүргізілген кезінде түрлі мәселелер туындады. Қаланың әкімінің бұйрығымен жұмыс тобы құрылды, оның құрамына біздің мүшелерімізде еігізілді, олар Сарпиков Ж. және Рахманова Ш. Күнделікте мониторинг жүргізіп, өздерінің сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын айтып, сол жүргізіліп жатқан жөндеу жұмстарының сапалы және уақытылы орындалыуна өз үлестерін қосқан. Әрине, әлдеде аталған жұмыстардың нүктелері қойылған жоқ, жөндеу жұмыстары біткен соң, кейін орындарын қалпына келтіру керек, ол жұмыстар кешігіп жатқаны бар, себептің бірі – асфальт дайындайтын зауытының қажетті көлемдегі үнемдері болмағаны. Дегенмен бүл мәселеде шешімін табады деп сенімдемін. Тағы бір өзекті мәселе, ол тұрғынды, коммуналдық қызметін тұтынушыны, бүгінгі күнге дейін мазалап тұрған айтып өткім келеді. Бүл жеке есептегіш аспаптарының көрсеткіштері бойынша тұтынған көлемінен бөлек ЖҮҚ (жалпы үйдің қажеттілігі) ретінде ауыз судың қосымша есептелген көлемі. Есептелген қосымша сома оның тұтынған суынан екі, тіпті үш есе көп болды. Қоғамдық кеңеске тұрғындардан төлемге шот фактураларын қоса берілген жиырмадан астам жазбаша өтініштер келіп түскен. Біз бүл мәселені Қоғамдық кеңесінің отырысында бірнеше рет қарадық, бірақ «МАЭК» ЖШС және «КЖСА» МКК коммуналдық кәсіпорындардың толық ақпарат бермеуіне байланысты шешім қабылдай алмадық. Қазан айында Қоғамдық кеңестің шешіміне сәйкес қоғамдық мониторинг жүргізу комиссиясы құрылып, осы мәселе бойынша 22 шағын ауданнан тускен арыздары бойынша, «КЖСА» МКК энегоресурстарының экономикалық, өткізу, бөлу және есертеу департаментінде анықтама жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген қоғамдық мониторингтің нәтижесін Қоғамдқ кеңестің кезекті отырысыында шешім қабылданды, тиісті ұсынылымдар «КЖСА» МКК, 22 шағын аудандағы тұрғын үйлерге қызмет көрсететін «Мақсат-2» ПИТК және «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ-сі басшыларына жолданды. Дегенмен бүл мәселе әлдеде орын алып тұр. Бүнын бір себебі, аталған мекемелер басшылары біздің ұсынған шешімімізге немғұрайлы қарағаны деп санаймын. Осы күнге дейін су және жылу есептегіш құралдарының бар-жоғы мен жай-күйі, олардың қаншасы мемлекеттік тексеруден өткені немесе ауыстырылғаны, олардың көрсеткіштері қаншалықты сенімді, көрсеткіштер қалай алынғаны және тұрғындарға жүктелетін ЖҮҚ тұрде айырмашылығы туралы коммуналдық қызметтерден ақпарат ала алмадық. Айта кету керек, «КЖСА» МКК мамандары қолданатын есептеу Әдістемесінде ЖҮҚ ұғымы жалпы жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, тұрғындарға қосымша су көлемін төлеу кезінде оның есебін ұсынбайды және мұндай үлкен қосымша су көлемін қандай пропорционалдыққа сүйеніп төлеттіретінін түсіндірмейді. Қоғамдық кеңес кезекті отырысында қоғамдық мониторинг өткізу жөнінде, оның нәтижесін Облыстық энергетика және тұғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, көшірмесін Маңғыстау облысының қоғамдық кеңесіне жолдауын, шешім қабылдады, өйткені бұл коммуналдық кәсіпорындар олардың құзыретіне кіреді. Өкінішке орай, осы жылдың маусым айына дейін қала тұрғындарына толыққанды жауап беру үшін коммуналдық мекемелерден нақты жауап ала алмадық. Осы күнге дейін облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасынан да, Маңғыстау облысының қоғамдық кеңесінен де жауап жоқ. «КЖСА» МКК тұрғындардан еш себепсіз қосымша судың көлемімен бірге су бұруға да (кәріз) төлем ақысын алуды жалғастыруда. Бүл мәселені келесі сайланған Қоғамдық кеңес ескеріп, көңілін аударып қалыс қалдырмайды деп ойлаймын. Тағы бір айтарым, ол қоғамдық кеңестің кей бір мүшелерінің қоғамдық жұмысына белсенділігін білдіріп, қаладағы үйлердің үй алды аланы болсын, қалалық және жағалаудағы аумақтарының абаттандыру мәселелері және шағын аудандағы сәулет нысандарының жай-күйі бойынша, шағын аудандардың ішкі және қаланың автомобильдік жолдарының жай-күі бойынша орын алған кемшіліктедің барлығын назардан тыс қалдырмайтынын айта кетейін дегенім. Оларды қоғамдық кеңестің мүшелерінің талқылауына қойылган, барлық мәселелер уәкілетті органның тиісті жауапты қызметкерлерімен шешімін тапты. Мысалы үшін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Жакыпов пен тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрадин Кушербаевтың қатысуымен көп деген мәселелер шешімдерін тапты. Қоғамдық кеңес мүшелерінің жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстары, жасыл желектерді отырғызу сембіліктерге қатысқандарын, қоғамдық тындауларға атсалысып жатқандарын атап өтпеуге болмайды. Осы жылдың екінші жартыжылдығында Қоғамдық кеңес және Қоғамдық кеңестің комиссиялары жұмысы арықарай жалғастырып, кезекті отырыстарын өткізді. Қоғамдық кеңестің экономика және бюджеттік жоспарлау, әлеуметтік мәселелер жөніндегі, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл жөніндегі комиссиялары 3-ші және 4-ші тоқсандағы белгіленген жоспары бойынша жұмыстарын атқарып, өздерінің отырыстарын өткізіп тиісті шешімдер қабылдады. Жалпы Қоғамдық кеңес екінші жартыжылдығында --- мәселе қарады, оның ішінде --- нормативтік-құқықтық актілер бойынша, --- Қоғамдық кеңестің жоспарланған жұмыстары қаралды. Ақтау қаласының тұрғындарынан ---- түскен арыздар мен шағымдар қаралды, тиісті жауаптар берілді. Қаралған мәселердің ішінде арнайы атап өтейін дегенім, сол бірінші жартыжылдығында қаралған тұтынушылардың шағымдары бойынша пайдаланған су көлеміне бөлек қосымша судың көлемін жүктеуі және соңғы 7 басқарушы және сервистік компаниялардан түскен өтініш. Тұрғындардың пайдаланған судың көлемдерінің, жеке есептегіш аспаптарының көрсеткіштерінің жиынтығымен және норма бойынша есептелген судың көлемдері мен жалпы үйдің есептегіш аспабының көрсеткішінің арасындағы айырмашылық жөніндегі мәселеге нақт шешім таппасақ, тұрғындарға қосымша судың көлемі артыла береді. Ал қаладағы басқарушы және сервистік қызмет көрсететін мекемелердің өтінішіне көңіл бөлмесек, аталған иессіз қалған сыртқы инженерлік желілер (су, су бұру, жылу және электр жүйелері) сол кондоминиумның ортақ мүлкін басқару және күтіп-ұстау қызметін көрсететін ұйымдардың шығындары болып жалғасады, себебі бүл шығындар тарифте көрсетілмеген. Бүл мәселе тиісті шешімін таппаса, қызмет көрсететін мекемелер өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады, тұрғын үйлер басқару және күтіп-ұстау кызметінен тыс қалып иессіз болып танылады. Келесі сайланған Қоғамдық кеңестің құрамына сәттілік тілеп, жоғарыдағы айтып өткен мәселелерге назар аударуын жолдаймын. 2024 жылғы жұмысы туралы есепте, мен Қоғамдық кеңестің барлық мүшелерін атқарылған жұмыстарына алғыс айтамын, Сіздердің қызметтеріңіздің нәтижесінде тұрғындарымыздың әл-ауқаты жақсаруына үлесіңіз тиды деп есептеймін. Бүл қысқаша есеп. Назарлаңызға рақмет. Ақтау қаласының Қоғамдық Кеңесінің төрағасы: Баймагамбетов Т.Ж.

    Жарияланды:
    Шешім

    «Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 12/76 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Жарияланды:
    Шешім

    Ақтау қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

    Жарияланды:
    Ереже

    «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік органы туралы ЕРЕЖЕ

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЫ

    АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты Ақтау қаласының учаскелік сайлау комиссиясы бойынша бос орындар жөнінде төмендегідей хабар береді: Учаскелік сайлау комиссиясы № Сай лау учас кесі нің нөмі рі Сайлау учаскесініңатауы Сайлау учаскесі орналасқан жердің мекенжайы комиссия мүшелерініңсаны Елді мекен Көше Үй 1 2 3 4 5 6 7 1 №2 Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Ақтау қаласы 1А шағын аудан 10А 1 2 №3 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№30 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 31 А шағын аудан 25 1 3 №5 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 3 шағын аудан 2 1 4 №10 Ақтау қаласы әкімдігінің жедел басқару құқығындағы «Абай атындағы мәдени-демалыс кешені» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ақтау қаласы 4 шағын аудан 71 1 5 №17 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 8 шағын аудан 33 2 6 №18 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 8 шағын аудан 33 2 7 №24 «Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 12 шағын аудан 29 1 8 №25 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№12 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 12 шағын аудан 29 1 9 №26 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 12 шағын аудан 46 4 10 №28 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№17 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 13 шағын аудан 51 2 11 №31 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтауқаласы 14 шағын аудан 54 1 12 №33 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Ибаш Жанболатова атындағы №15 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 14 шағын аудан 56 2 13 №35 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «IT мектеп - лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 15 шағын аудан 31 2 14 №40 «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақтау қаласы 24 шағын аудан, (№2 корпус) 12 1 15 №50 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№59 С.Н. Шапағатов атындағы бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ақтауқаласы 28 шағын аудан 43 1 16 №58 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы Өмірзақ ауылы 7 өндірістік аймақ 28 1 17 №64 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтауқаласы 13 шағын аудан 12 1 18 №65 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Ибаш Жанболатова атындағы №15 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 14 шағын аудан 56 1 19 №251 Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты Ақтау қаласы 17 шағын аудан, («Халық Арена» спорт кешені) 12 1 20 №252 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 31 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 17 шағын аудан 100 3 21 №264 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 33 жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ақтау қаласы 33 шағын аудан 4 1 22 №267 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 18 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 18 шағын аудан 34 2 23 №270 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Облыстық арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 32Б шағын аудан 1 1 24 №276 Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 34 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтау қаласы 20 шағын аудан 20/1 1 САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылдың 7-21 тамыз аралығында сағат 16.20-ға дейінгі мерзімде жоғарыда аталған сайлау комиссияларына кандидатуралар ұсынуларыңызды сұраймыз. Осыған орай, саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатын комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады: 1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер; 2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме; 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған. Әрбір саяси партия сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын құрады. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi Ақтау қаласында тұруға тиiс. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс. Мәслихаттың орналасқан жері: Ақтау қаласы, 4 шағын аудан, 72 үй, қалалық әкімдік ғимараты, каб.№505, телефон: 336728, электрондық пошта мекенжайы: [email protected]. Ақтау қалалық мәслихатының аппараты

    Жарияланды: