Ақтау қаласының Қоғамдық кеңесінің 2024 жылда атқарылған қызметі туралы есеп.

    Ақтау қалалық мәслихатының аппараты

    2022 жылғы ақпан айында сайланған Ақтау қаласының Қоғамдық кеңесінің жұмысы өз мәресіне жетті.

    Үш жылдың ішінде Қоғамдық кеңес өзінің жоспарланған іс-шараларына сәйкес жұмысын атқарды. «Қоғамдық кеңестер жөніндегі» Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестің жұмысы үш жылмен белгіленген, соның соңғы 2024 жылды өзімнің төрағалығымен өткен. Сондай-ақ, қысқаша Қоғамдық кеңестің жұмыстарын атап өтейін.

    Қоғамдық кеңестің, 1-ші және 2-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарын екі мерзімге бөліп атап өтейін.

    2024 жылдың бірінші жартыжылдығын Қоғамдық кеңесінің құрамынан шыққан мүшелерінің орнына жаңа мүшелер қабылдап, екеуі өкіліеттік органнан – Нұртас Сали және Жанболат Жақыпов, екеуі ҮЕҰ өкілдерін – Рахманова Шынар және Кенжебек Сержан, солармен бірге Қоғамдық кеңестің маңызын арттыра түрып, жұмысын жалғастырды.

    Бірінші жартыжылдықта 6 отырыс өтті, Қоғамдық кеңестің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес маңызды мәселелер қаралды. Барлығы 46 мәселе қаралды, соның ішінде 17 мәселе нормативтік құқықтық актілерге қатысты.

    Отырыстарда Қоғамдық кеңестің 17 мүшелерінен 10 мүше тұрақты түрде қатысып тұрды. Өкінішке орай, Қоғамдық кеңестің жұмысына барлық мүшелер белсенді қатыспағаны жақсы үрдіс емес, ол жөнінде 1-ші жартыжылдыққа арналған есебімде айтып өткенмін, қаралған кей бір мәселелердің қабылданып жатқан шешімдеріміз қақаншалықты дұрыс екенін білу үшін олардың да пікірлері қажет екендігін ескерттім. Дегенмен айтылған ескертпе ескерілмей қалған сыяқты. Әртүрлі себептермен сол мүшелер кезекті отырыстарға қатыспай қалды. Жалпы айтқым келгені, егер Қоғамдық кеңестің мүшесі болғысы келіп, жұмыс тобының сараптамасынан өтіп, шын ниетімен сайланған болса, онда халықтың мүддесін қорғау үшін, Қоғамдық кеңестің кезекті отырыстарына қатысып, мәселерді талқылап, дұрыс шешімдерді, ұсынылымдарды қабылдау үшін үлесін қосу керек, Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарында көкейінде тұрған мәселелер көрсетілмеген болса, қосымша еңгізуге ұсыныстарын жолдау керек.

    Жалпы 2024 жылдағы 1-ші жартыжылдығында қаралған мағызды мәселелердің бірі, ол қаланың және Өмірзақ ауылының бюджетін жоспарлауы және орындалуы, сондай-ақ абаттандыру, көгалдандыру, шағын сәулет нысандарын жөндеу және қалпына келтіру, жылы аялдамалар және басқада маңызды шығындарға қанша қаражат қарастырылғаны.

    Экономика және бюджеттік жоспарлау комиссиясының басшысы Ким А.Н. білікті маман және сарапшы ретінде, бірқатар нақты ұсыныстар мен ұсынылымдар ұсынды, ол үсынымды қала әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің назарына алынып жүзеге асырылды.

    Қаржы мәселерінен басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері қаралды, оның ішінде қала аумағының абаттандыру, көгалдандыру және жасыл желектерді суару мәселелері. Қаладағы тұрғын үйлерді ыстық және суық сумен, су бұру және жылумен қамтамасыз ету, «МАЭК» ЖШС, «КЖСА» МКК қалалық коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпорындардың қызметінің сапасы мен қажетті көлемдері. Тұрғындарға ауыз сумен және жылыту маусымында жылумен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселе көтерілді. Магистралдық жылу құбырларының, тіпті жылуды беретін «МАЭК» ЖШС-гінің өзінде жабдықтардың және басқа да мәселелердің қаншалықты нашар дайындалғанын өткен қыс көрсетті. Барлық мәселелер бойынша коммуналдық кәсіпорындардың жауапты өкілдерін тыңдап, келесі жылыту мауысымына дейін орын алған ақауларды жою және алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылданатына, сондай-ақ, қаланың жылу желісінің магистральдық және тарату құбырларын, энергокомбинаттың жабдықтарын ауыстыру жұмыстары және тұрғын үй қорына жылу мен қамтамасыз етуін жақсартуына ықпал ететін басқа да жұмыстар жоспарлануына кепілдік алдық.

    Өздеріңізге мәлім, жоспар бойынша қаладағы орталық жылу желілерін қүрделі ауыстыру жұмыстары жүргізілді, олар жылу жеткізу және кері қайту құбырлары 23 километр құрайды (жеткізу мен кері қайту желілері 11500 метрден). Қаламызда бірінші кезек болған осындай жөндеу жұмыстар жүргізілген кезінде түрлі мәселелер туындады. Қаланың әкімінің бұйрығымен жұмыс тобы құрылды, оның құрамына біздің мүшелерімізде еігізілді, олар Сарпиков Ж. және Рахманова Ш. Күнделікте мониторинг жүргізіп, өздерінің сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын айтып, сол жүргізіліп жатқан жөндеу жұмстарының сапалы және уақытылы орындалыуна өз үлестерін қосқан. Әрине, әлдеде аталған жұмыстардың нүктелері қойылған жоқ, жөндеу жұмыстары біткен соң, кейін орындарын қалпына келтіру керек, ол жұмыстар кешігіп жатқаны бар, себептің бірі – асфальт дайындайтын зауытының қажетті көлемдегі үнемдері болмағаны. Дегенмен бүл мәселеде шешімін табады деп сенімдемін.

    Тағы бір өзекті мәселе, ол тұрғынды, коммуналдық қызметін тұтынушыны, бүгінгі күнге дейін мазалап тұрған айтып өткім келеді. Бүл жеке есептегіш аспаптарының көрсеткіштері бойынша тұтынған көлемінен бөлек ЖҮҚ (жалпы үйдің қажеттілігі) ретінде ауыз судың қосымша есептелген көлемі. Есептелген қосымша сома оның тұтынған суынан екі, тіпті үш есе көп болды. Қоғамдық кеңеске тұрғындардан төлемге шот фактураларын қоса берілген жиырмадан астам жазбаша өтініштер келіп түскен. Біз бүл мәселені Қоғамдық кеңесінің отырысында бірнеше рет қарадық, бірақ «МАЭК» ЖШС және «КЖСА» МКК коммуналдық кәсіпорындардың толық ақпарат бермеуіне байланысты шешім қабылдай алмадық. Қазан айында Қоғамдық кеңестің шешіміне сәйкес қоғамдық мониторинг жүргізу комиссиясы құрылып, осы мәселе бойынша 22 шағын ауданнан тускен арыздары бойынша, «КЖСА» МКК энегоресурстарының экономикалық, өткізу, бөлу және есертеу департаментінде анықтама жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген қоғамдық мониторингтің нәтижесін Қоғамдқ кеңестің кезекті отырысыында шешім қабылданды, тиісті ұсынылымдар «КЖСА» МКК, 22 шағын аудандағы тұрғын үйлерге қызмет көрсететін «Мақсат-2» ПИТК және «Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ-сі басшыларына жолданды. Дегенмен бүл мәселе әлдеде орын алып тұр. Бүнын бір себебі, аталған мекемелер басшылары біздің ұсынған шешімімізге немғұрайлы қарағаны деп санаймын.

    Осы күнге дейін су және жылу есептегіш құралдарының бар-жоғы мен жай-күйі, олардың қаншасы мемлекеттік тексеруден өткені немесе ауыстырылғаны, олардың көрсеткіштері қаншалықты сенімді, көрсеткіштер қалай алынғаны және тұрғындарға жүктелетін ЖҮҚ тұрде айырмашылығы туралы коммуналдық қызметтерден ақпарат ала алмадық.

    Айта кету керек, «КЖСА» МКК мамандары қолданатын есептеу Әдістемесінде ЖҮҚ ұғымы жалпы жоқ. Тағы бір айта кетерлігі, тұрғындарға қосымша су көлемін төлеу кезінде оның есебін ұсынбайды және мұндай үлкен қосымша су көлемін қандай пропорционалдыққа сүйеніп төлеттіретінін түсіндірмейді. Қоғамдық кеңес кезекті отырысында қоғамдық мониторинг өткізу жөнінде, оның нәтижесін Облыстық энергетика және тұғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, көшірмесін Маңғыстау облысының қоғамдық кеңесіне жолдауын, шешім қабылдады, өйткені бұл коммуналдық кәсіпорындар олардың құзыретіне кіреді. Өкінішке орай, осы жылдың маусым айына дейін қала тұрғындарына толыққанды жауап беру үшін коммуналдық мекемелерден нақты жауап ала алмадық. Осы күнге дейін облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасынан да, Маңғыстау облысының қоғамдық кеңесінен де жауап жоқ. «КЖСА» МКК тұрғындардан еш себепсіз қосымша судың көлемімен бірге су бұруға да (кәріз) төлем ақысын алуды жалғастыруда. Бүл мәселені келесі сайланған Қоғамдық кеңес ескеріп, көңілін аударып қалыс қалдырмайды деп ойлаймын.

    Тағы бір айтарым, ол қоғамдық кеңестің кей бір мүшелерінің қоғамдық жұмысына белсенділігін білдіріп, қаладағы үйлердің үй алды аланы болсын, қалалық және жағалаудағы аумақтарының абаттандыру мәселелері және шағын аудандағы сәулет нысандарының жай-күйі бойынша, шағын аудандардың ішкі және қаланың автомобильдік жолдарының жай-күі бойынша орын алған кемшіліктедің барлығын назардан тыс қалдырмайтынын айта кетейін дегенім. Оларды қоғамдық кеңестің мүшелерінің талқылауына қойылган, барлық мәселелер уәкілетті органның тиісті жауапты қызметкерлерімен шешімін тапты. Мысалы үшін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Жанболат Жакыпов пен тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрадин Кушербаевтың қатысуымен көп деген мәселелер шешімдерін тапты.

    Қоғамдық кеңес мүшелерінің жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстары, жасыл желектерді отырғызу сембіліктерге қатысқандарын, қоғамдық тындауларға атсалысып жатқандарын атап өтпеуге болмайды.

    Осы жылдың екінші жартыжылдығында Қоғамдық кеңес және Қоғамдық кеңестің комиссиялары жұмысы арықарай жалғастырып, кезекті отырыстарын өткізді. Қоғамдық кеңестің экономика және бюджеттік жоспарлау, әлеуметтік мәселелер жөніндегі, және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қымыл жөніндегі комиссиялары 3-ші және 4-ші тоқсандағы белгіленген жоспары бойынша жұмыстарын атқарып, өздерінің отырыстарын өткізіп тиісті шешімдер қабылдады.

    Жалпы Қоғамдық кеңес екінші жартыжылдығында --- мәселе қарады, оның ішінде --- нормативтік-құқықтық актілер бойынша, --- Қоғамдық кеңестің жоспарланған жұмыстары қаралды. Ақтау қаласының тұрғындарынан ---- түскен арыздар мен шағымдар қаралды, тиісті жауаптар берілді. Қаралған мәселердің ішінде арнайы атап өтейін дегенім, сол бірінші жартыжылдығында қаралған тұтынушылардың шағымдары бойынша пайдаланған су көлеміне бөлек қосымша судың көлемін жүктеуі және соңғы 7 басқарушы және сервистік компаниялардан түскен өтініш. Тұрғындардың пайдаланған судың көлемдерінің, жеке есептегіш аспаптарының көрсеткіштерінің жиынтығымен және норма бойынша есептелген судың көлемдері мен жалпы үйдің есептегіш аспабының көрсеткішінің арасындағы айырмашылық жөніндегі мәселеге нақт шешім таппасақ, тұрғындарға қосымша судың көлемі артыла береді. Ал қаладағы басқарушы және сервистік қызмет көрсететін мекемелердің өтінішіне көңіл бөлмесек, аталған иессіз қалған сыртқы инженерлік желілер (су, су бұру, жылу және электр жүйелері) сол кондоминиумның ортақ мүлкін басқару және күтіп-ұстау қызметін көрсететін ұйымдардың шығындары болып жалғасады, себебі бүл шығындар тарифте көрсетілмеген. Бүл мәселе тиісті шешімін таппаса, қызмет көрсететін мекемелер өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады, тұрғын үйлер басқару және күтіп-ұстау кызметінен тыс қалып иессіз болып танылады.

    Келесі сайланған Қоғамдық кеңестің құрамына сәттілік тілеп, жоғарыдағы айтып өткен мәселелерге назар аударуын жолдаймын.

    2024 жылғы жұмысы туралы есепте, мен Қоғамдық кеңестің барлық мүшелерін атқарылған жұмыстарына алғыс айтамын, Сіздердің қызметтеріңіздің нәтижесінде тұрғындарымыздың әл-ауқаты жақсаруына үлесіңіз тиды деп есептеймін.

    Бүл қысқаша есеп. Назарлаңызға рақмет.

    Ақтау қаласының Қоғамдық

    Кеңесінің төрағасы: Баймагамбетов Т.Ж.

    Жүктеу
    43de9af5774860e2e552dda8c77fd769744cf09eba29b2b932eb037a4befdc0e_original.24615.docx
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ақтау қалалық Қоғамдық кеңесінің 2025 жылы атқарған жұмысы туралы есеп

    Еліміздің барлық аймақтарында Қоғамдық кеңестер 2015 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99-шы қадамында көрсетілген халықтық реформаны орындау негізінде құрылған болатын. Қоғамдық кеңестердің құрылуы еліміздің жергілі...

    Ақтау қалалық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    «Ақтау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Ақтау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 12/76 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Ақтау қалалық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Шешім

    Ақтау қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

    Ақтау қалалық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік органы туралы ЕРЕЖЕ

    Ақтау қалалық мәслихатының аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАБАРЫ

    АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢХАБАРЫ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты Ақтау қаласының учаскелік сайлау комиссиясы бойынша бос...

    Есеп

    2025 жылғы Ақтау қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қызметі туралы ЕСЕП

    Құрметті президиум, депутаттар және шақырылғандар! Ақтау қалалық мәслихатында экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия жұмыс істейді. Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясына «Қазақстан Респу...

    Есеп

    Ақтау қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы есебі

    Құрметті депутаттар мен шақырылғандар! Қалалық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) есепті кезеңде өз қызметін мәслихат жұмысын...

    Шешім

    Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған "Таза Қазақстан" тұжырымдамасын әске асыру бойынша қала әкімдігінің жұмысы туралы