Құрметті президиум, депутаттар және шақырылғандар!
Ақтау қалалық мәслихатында экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия жұмыс істейді. Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Ақтау қалалық мәслихатының Регламентіне сәйкес және қалалық мәслихаттың жоспарының негізінде өз қызметін атқарады.
Комиссия құрамына 10 адам кіреді: төраға – А.С. Борашев және комиссия мүшелері – Е.Ғ. Оңғалбаев, Е.Н. Байжигитов, Т.Т. Найзабеков, Г.А. Абишева, Р.М. Тугелбаева, Ж.Б. Жұмашева, С.З. Қанаев, Е.Е. Кенған, Н.Ж. Таменов. Әртүрлі қызмет саласында жұмыс жасайтын депутаттардың көпшілігі экономика саласында қызмет атқарады. Комиссияның барлық мүшелері жеткілікті, кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар, сондықтан комиссия отырыстарын жүргізу барысында қаралатын мәселелерге үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Тұрақты комиссияның барлық мүшелері өткен 2025 жыл бойы және қазіргі уақытқа дейін оның қызметіне, мәслихаттың басқа да органдарының жұмысына белсенді және тиімді қатысады, өздері бекітілген округ тұрғындарымен тұрақты байланыс жасайды, өздеріне сайлаушылардан келіп түскен өтініштерді қарайды, азаматтарды жеке қабылдауды жүйелі түрде жүргізеді.
Тұрақты комиссия қызметіндегі басым бағыттардың бірі ретінде алдағы жылдарға арналған қаламыздың бюджетін әзірлеуге және бекітуге басты назар аударады. Бұл ретте, қаржыландырудың басымдығы, тұрғындарымыздан келіп түсетін пікірлер мен проблемалық мәселелерді ескере отырып, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік мәселелерді қолдауға және қаржыландыруға бағытталады.
Тұрақты комиссияның жыл басынан бастап 5 кезектен тыс және 4 жоспарлы отырыс өткізіліп, 12 мәселе қаралды.
Атап айтқанда, І тоқсанда жергілікті бюджеттің табыс бөлігін толықтыру бойынша Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2024 жылғы жұмыс қорытындылары тыңдалып, қаралған мәселе қорытындысы бойынша депутаттар тарапынан салық аудитінің сапасын арттыру, ірі салық төлеушілерге мониторинг жүргізу, салық төлеушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, салықтық құқық бұзушылықтардың алдын алу және берешектерді өндіру жұмыстарын жандандыру жөнінде ұсынымдар берілді.
ІІ тоқсанда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2024 жылғы 28 наурыздағы №5 қаулысының орындалысы қаралды. Аталған мәселе мемлекеттік мұқтаждар үшін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлік объектілерін бұза отырып, жер учаскелерін босату жөніндегі жергілікті атқарушы органның жүргізіп жатқан жұмысына қатысты болды.
ІІІ тоқсанда қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2024 жылғы 31 мамырдағы №8 қаулысының орындалысы қаралып, қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға және санитарлық тазалауға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша атқарылып жатқан жұмыстар тыңдалды. Аталған мәселе тұрақты комиссия мүшелері тарапынан жан-жақты талқыланып, қала тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстар мен өзекті мәселелер көтерілді. Қаралған мәселе қорытындысы бойынша депутаттар тарапынан: бюджет қаражатының уақытылы игерілуін қамтамасыз ету, құрылыс нысандарын белгіленген мерзімде аяқтау, мүлік иелерінің бірлестіктерімен және мердігер ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту, көгалдандыру жұмыстарының сапасына тұрақты мониторинг жүргізу, санитариялық қызмет саласындағы кадр тапшылығын шешу, балалар және спорт алаңдарының техникалық жай-күйіне бақылауды күшейту, сондай-ақ қаланың жарықтандыру жүйесін жетілдіру бағытында нақты ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына мәслихат депутаттарының қатысуымен қоғамдық бақылау тетіктерін енгізу және арнайы жұмыс топтарын құру жөнінде ұсыныстар айтылды.
IV тоқсанда қала тұрғындарына сауда қызметтерін көрсетудің жай-күйі, сондай-ақ қызмет көрсету деңгейі мен сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Қаралған мәселе қорытындысы бойынша депутаттар тарапынан сауда қызметі субъектілерінің жұмысын жүйелеу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, кәсіпкерлермен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сауда нысандарындағы санитарлық жағдай мен қызмет көрсету сапасына бақылауды күшейту жөнінде ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, қала аумағындағы сауда объектілерінің жай-күйіне, баға саясатына және қызмет көрсету сапасына тұрақты мониторинг жүргізіп, оның нәтижелері бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларына ақпарат ұсынып отыру қажеттігі атап өтілді.
Отырыстардың қорытындысы бойынша тұрақты комиссия қаулылары қабылданып және олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды.
Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері 2025 жылы сайлаушылармен тұрақты байланыс орнатып, тұрғындардан келіп түскен өтініштер мен көтерілген мәселелер негізінде мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық сауалдар жолдап отырды. Депутаттар уәкілетті органдарға 51 депутаттық сұрау жолдады, олардың 32- іне оң шешімдер алынды.
Атап айтқанда, депутаттар тарапынан 29 және 30 шағынаудандардағы жолдардың жай-күйі, 18 шағынауданды жарықтандыру, 27 шағынаудандағы коммуналдық және ойын алаңы мәселелері, футбол алаңдарын абаттандыру, ашық шатырларға байланысты қауіпсіздік, аялдамалар орнату, 5 және 7 шағынаудандарды абаттандыру, КСК жұмыстары, лифт мәселелері және «Шығыс» шағынауданы тұрғындарыныңбірқатар жол және абаттандырумәселелері бойынша нақты депутаттық сауалдар жолданды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттеу, жұмыссыздықты төмендету және азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша да уәкілетті органдар мен мекемелерге сауалдар жолданып, тиісті жауаптар алынды. Жұмыс жалғасуда.
Бүгінгі күні проблемалық мәселелерді шешу үшін тұрақты комиссия мүшелері депутаттардың әртүрлі жұмыс комиссияларының құрамына және басқа да іс-шараларға қатысуы арқылы атқарушы органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасайтын жұмыс жасалып жатқанын айта кету жөн болады.
Тұрақты комиссияның барлық отырыстары халық үшін ашық және қолжетімді болды. Мәслихаттың іс-шараларын әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Фейсбукте, оның ішінде тұрақты комиссия отырыстарында практикаға енгізілген онлайн-трансляция халықты осы комиссиялар қарайтын мәселелер туралы жедел хабардар етуге мүмкіндік берді. Тиісті аумақтардың тұрғындары қарастырылып отырған мәселелер бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, жауаптар алуға мүмкіндік алды.
Егер де ағымдағы жыл ішінде қосымша ұсыныстар немесе сұрақтар болған жағдайда, оларды міндетті түрде қарастырамыз. Тұрақты комиссия отырыстарында қаралған барлық мәселелер және қаулылар қалалық мәслихаттың веб-сайтында жарияланады. Тұрақты комиссия қабылданған қаулыларының орындалысына үнемі бақылау жүргізеді.
Құрметті депутаттар және шақырылғандар! Тұрақты комиссия қызметін жетілдіру мәселелерін бақылауда екендігін және алға қойылған міндеттер мен кемшіліктерді жою және жауапкершілікпен орындау үшін тұрақты комиссия мүшелері бірлесіп барлық күш-жігерін салатынын растаймын.
Есепті қорытындылай келе, депутаттардың жауаптылығын, белсенділігін және ұйымдастырушылығын атап айтқым келеді. Бірлескен жұмысты атқаруда барлық депутаттарға, мәслихат аппаратына, жергілікті атқарушы органдарға алғыс айтамын және барлығымызға сәттілік тілеймін.
КомиссиятөрағасыА.Борашев