
Риза Сүйіндік Қайырғалиұлы
Ақтау қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келді. 2009 жылы Еуразия ұлттык университетіне түсіп, экономикалық факултетінің қаржы мамандығы бойынша білім алып 2013 жылы бітірді. 2013-2015 жылдар аралығында БАӘ (Біріккен Араб Әмірлігі) Дубай қаласындағы Вуллонгонг Аустралиялық университетінде қаржы саласы бойынша біліктілікті арттыру курсын оқыды.
2015-2016 жылдар аралығында Маңғыстау облысы құрылыс басқармасы қаржы бөлімінде есепші қызметін атқарды;
2016-2017 жылдары Астана қаласы Экспо ЖШС «SRS GROUP» мекемесі директоры қызметін атқарды;
2017-2020 жылдар аралығында ЖШС «Глобал строй и К» құрылыс мекемесінің құрылтайшысы және директоры;
2021-2023 жылдар аралығында ЖШС «Компания строй инвест» мекемесі директорының бас кеңесшісі қызметін атқарды;
2024 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін "Amire Group" ЖШС құрылтайшысы.




