Қызметкерлер — Абай облысы "Аксуат ауданы мәслихатының аппараты"

    Абай облысы "Аксуат ауданы мәслихатының аппараты" басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Оразғалиев Жандос Қанатұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Оразғалиев Жандос Қанатұлы

    Ақсуат аудандық мәслихат төрағасы

    Мен Оразғалиев Жандос Қанатұлы, 1986 жылы 15-ші желтоқсанда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматымын. Ұлты қазақ. «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының төрағасы.«Amanat» партиялық бақылау комиссиясының төрағасымын.«Қара Шаңырақ» кешенінің негізін қалаушы құрылтайшымын. Кәсіби біліктілігім: 2005-2008 жылдары Семей көлік колледжі, «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығын үздік дипломмен бітірдім. 2010-2011 жылдары «Санжар» экономика, бизнес және құқық колледжінде «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім. 2011-2014 жылдары «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім. 2025-2026 жылдары Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітіріп "Магистрант" атандым.

    Басқа қызметкерлер

    12
    Бейілғожин Әлібек Серікқалиұлы
    Қызметкерлер

    Бейілғожин Әлібек Серікқалиұлы

    БЖЗҚ АҚ Абай облысы операциялық бөлімінің Ақсуат ауылындағы қызмет көрсету орталығының бас маманы

    Мен Бейілғожин Әлібек Серікқалиұлы 13.02.1990 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылында дүниеге келдім. 1997-2006 жылдары «Тоғас батыр» орта мектебінде оқыдым. 2006 жылы 9 сыныпты бітіріп, Семей қаласындағы «Экономика және қаржы» колледжіне түсіп, 2009 жылы қаржыгер мамандығы бойынша бітірдім. 2009 жылы тамыз айында Семей қаласында Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына менеджер болып жұмысқа тұрдым. 2010 жылы сәуірде Тарбағатай ауданына Мемлекеттік зейнетақы қорын құрып сол қордың басшысы болдым. 2012 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірдім. 2020 жылы Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма басшының бұйрығымен "БЖЗҚ АҚ Еңбек сіңірген қызметкері" медалімен марапатталдым. Қазіргі таңда Бірыңғай Жинақтаушы зейнетақы қорында қызмет атқарамын.

    Ермеков Бақытжан Ермекұлы
    Мәслихат депутат

    Ермеков Бақытжан Ермекұлы

    Ақсуат аудандық ауруханасына қарасты Құмкөл емханасында фельдшер

    Ермеков Бақытжан Ермекұлы 1995 жылы 23 маусымда Семей облысы Ақсуат ауданы ,Құмкөл ауылында дүниеге келдім . 2002-2009жж Сасан би атындағы орта мектеп қабырғасында 8 сыныпқа дейін оқып,2009 – 2011 жылдары Жаңа – Қанай атындағы орта мектебін 9 сыныбын бітіріп. 2012 -2015 жылдары Семей қаласындағы «Аввицена» колледжін оқып ,фельшер мамандығын бойынша бітіріп шықтым. Еңбек жолын 2016 – 2018 жж аралығында Көкбастау елді мекеніндегі Дәрігерлік пункте меңгеруші қызметін атқардым. 2018жылдан қазіргі уақытқа дейін Құмкөл ауылы емханасында Емшара бөлімінде қызмет жасаймын.

    Қожахмет Есет Сансызбайұлы
    Мәслихат депутат

    Қожахмет Есет Сансызбайұлы

    Ақсуат ауданы әкімінің шаруашылық есебіндегі КММ директоры

    Қожахмет Есет Сансызбайұлы 1979 жылы наурыз айының 29 жұлдызында Ақсуат ауданы Ақсуат аулында дұниеге келген. 1995 жылы К.Нұрбаев атындағы орта мектебін бітіріп, «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»КМКК- ні, Д.Қонаев атындағы қазақ қатынас жолдары университетін Көлік құрылысы мамандығы бойынша аяқтаған.

    Жұмат Қайыржан Серікұлы
    Мәслихат депутат

    Жұмат Қайыржан Серікұлы

    ЖШС "Барқытбел-несие" есепшісі

    Мен Жұматов Қайыржан Серікұлы 1988 жылы 5 қыркүйекте Ақсуат ауылында дүниеге келдім. 1995 жылы №2 Ақсуат орта мектебіне қадам басып (қазіргі Қожагелді батыр атындағы мектеп), 2006 жылы аталған мектепті бітірдім. Студенттік өмірім Семей қаласының Рымбек Байсейітов атындағы Қаржы – экономикалық колледжінде 2006 жылы басталды. 2008 жылы осы оқу орнын «Есепші – экономист» мамандығымен аяқтадым. 2015 – 2017 жылдары Көкшетау қаласының «Гуманитарлық – техникалық академиясында» білім алдым. Факультет «Экономика және бизнес». Қызметтік жолдарым 2009 жылы Аудандық білім беру бөлімінде «Бас есепшіге көмекші» ретінде басталып, 2010 жылы «Тарбағатай жолдары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде маман – есепші қызметімен жалғасты. 2015 жылдың мамыр айынан бастап, бүгінгі күнге дейін «Бархытбел – несие» несие серіктестігі» ЖШС – да есепші қызметін атқарып келемін. Сайлауға қатысудағы басты мақсатым ауданымыздың өркендеп, дамуына үлес қосу. Осы жолда аяңбай еңбек етіп, күш – жігерімді жұмсау. Халықпен тығыз байланыста болып, өтініш – тілектер негізінде тиісті орындармен жұмыс жасап, қолымнан келгенше көмек көрсету. Сайлауалды бағдарламама қысқаша тоқтала кетсем. Қызметтік жолым қаржы саласымен байланысты болғандықтан, сайлауалды бағдарламамның басты бағыты ретінде кәсіпкерлікті дамыту, жас кәсіпкерлерді қолдау, жаңадан жұмыс орындарының ашылуына жұмыс жасау. Ауданымызда басты кәсіп мал шаруашылығы болғандықтан, осы саланың заманға сай дамуына ықпал ету. Тері, жүн өңдеу цехын, жылыжайлар салуға, егін шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктер жасау. Игерілмей жатқан жерлердің қайтарылып, жұмыс істеймін, кәсіп бастаймын деген азаматтарға берілуін қадағалау. Ветеринария саласына көңіл бөлу, атап айтқанда мал дәрігерлерінің біліктілігін арттыру, заманауи құралдармен жұмыс жасау (УЗИ аппараты, GPS жүйесі), арнайы киімдермен, автокөлікпен қамтамасыз ету. Электрэнергиясы жоқ қыстақтар, күзектерге электрэнергиясын тартуға көңіл бөлу. Ауданымыздың гүлденуі біздің қолымызда – Аудан тұрғындары. Саябақтар, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, футбол алаңдар, көшедегі жаттығу жасау орындары, жолдардың жасалуы, ауыз су мәселесі, кәріз жүйесі, абаттандыру, тазалық жұмыстары, құрылыстар, ағымдағы жөңдеу, күрделі жөңдеу жұмыстары сапалы жасалуына ықпал жасау. Барлығы келешек ұрпақ үшін. Аудандағы көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, пәтер жалдап жүрген отбасылар, жастар мәселесін шешу де басты назарда болады. Алдағы уақытта осы және басқа да тақырыптар бойынша сайлаушылармен кездесіп, халықтың өтініш – тілектерін тыңдау жұмыстары жүргізілетін болады.

    Рахымбаев Дастан Қожақанұлы
    Мәслихат депутат

    Рахымбаев Дастан Қожақанұлы

    "Ақбәдеш" ШҚ төрағасы

    Рахимбаев Дастан Қожаканұлы 04 мамыр 1974 жылы Семей облысы , Ақсуат ауданы Екпін ауылында туған. 1981-1991 жылдары Ы. Кабеков атындағы орта мектепті оқып бітірген . 1992-1994 жылдары азаматтық әскери борышын өтеген. Білімім жоғары Санжар экономика , бизнес және құқық колледжін Есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Мемлекттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген . 2005 жылдан Ақбадеш шаруа қожалығын құрған құрылу нәтижесінде бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылық мақсатында ірі қара мал шаруашылығымен айналысып келеді . 2010 жылы «Ақбадеш» ауыл тұтыну кооперативін құрып , кооператив төрағасы болып сайланған .Сол жылы мал сою алаңы мен техникалық қызмет көрсету орталығын іске қосқан . Ауданда ең бірінші болып 1000 бас тауық өсіре алатын фермасын құрған . 2012 жылы 400 басқа арналған мал бордақылау алаңын салды . Ауыл шаруашылық өнімдерін Астана қаласындағы облыс күндерінде , сондай-ақ Өскемен , Семей қалаларында арзан бағамен сатумен айналысып келеді . 2012 жылдан Қазақтың ақбас асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен айналысып келеді. Мінезі , сабырлы, жолдастарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары , өз ортасында беделді , жұмысқа зерек , өзіндік ұстанымы бар қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. Салауатты өмір салтын ұстанады ,спортқа ынтасы зор , республикалық , облыстық , аудандық жарыстарға демеуші болып отырады . ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың көшпелі облыстық семинары да екі мәрте осы «Ақбадеш» шаруа қожалығында өтті . ШҚО , Тарбағатай ауданы , шаруа қожалықтары ұжымының кештерді және іс шараларды белсенді ұйымдастырушысы. Рахимбаев Дастан бүгінде аудандық «Мейірім» қайырымдылық қорының белсенді қатысушысы ретінде көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып , ауылды өркендету жолындағы көптеген іс-шараға демеушілік етеді . Ауылдағы мешітте ауыз ашар жасап , жылда құрбан айтта ірі қара сойып мұқтаж жандарға таратып береді . «Туған елге тағзым» - акциясы негізіде жеке меншігіндегі жылжымайтын мүлікті Ақсуат ауылы Абылайхан көшесіндегі №13 үйдегі жалпы көлемі 621,3кв.метр болатын екі қабатты ғимаратты «Нұр отан» партиясына сыйға берілді . Ы.Кабеков атындағы орта мектептің информатика кабинетін толықтай өз қаражатынан жабдықтап мектеп ұжымына табыс етті.Солтанғазина Бадерикамал атындағы кабинет болып ашылды . А.Байқйдыров атындағы саз мектебіне демеуші болып отырады Ы.Байқыдыров атындағы саз мектебі 50 жыл төс белгісімен марапатталған. Сайдахметов Даниярды қамқорлығына алып Семей қаласындағы олимпиадалық резервтер даярлайтын колледжде ақылы оқытып дипломын алып берді. Данияр қазір жаттықтырушы болып жастарды спортқа баулып оқушылары Азиялық ,Республикалық ,облыстық , аудандық жарыс жеңімпаздары . Солардың бірі Мақсутов Сабыржан 2007 жылғы жастар арасында Қазақстан барысы. Дастан жарыстарға демеуші болып отырады. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр» деген, апайының артында қалған үш баласын Ғалымбек 12 жаста , Гүлім 11 жаста , Айгерім 4 жасында қамқорлыққа алып жоғары оқу орындарың оқытып . Бірі дәрігер , бірі ұстаз , бірі экономист мамандықтарын бітіртіп , еңбекке баулып, үйлендіріп әрқайсынан немере сүйіп отыр . 2021 жылдан бастап ауданданың кіші футбол спортының дамуына демеуші Сонымен қатар Көкпар , Бәйгеге демеуші . 2020 жылдан бастап Екпін ауылдық қоғамдық кенестің төрағасы. Аулыдағы салынып жатқан клуб үйің салынуына ықпал жасады Ауылдағы бір көшені анасының атынан алып Шамдар орнатып , асфалт жолын жасатып ,Тал екті . Қазіргі таңда апатты жағдайда болып тұрған мектепті жоғарғы жаққа жеткізіп . Жайлы мектеп салуға күш жігерін жүмсауда Марапаттары : 2010 жылы ауданымыздағы «Мал шаруашылығы саласындағы таңдаулы шаруашылық» номинациясын жеңіп алды . 2011жылы Шығыс Қазақстан обылысының әкім Б.Сапрабаевтан мал шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет грамотасымен марапатталады . 2011 жылы аулан әкімінің «Өнеркәсіп саласындағы таңдаулы кәсіпкер» номинациясымен марапатталады 2011 жылы Туған елге тағзым акциясына демеушілік жасаганы үшін ауыл әкімінің құрмет гроаматасынмен марапатталды. 2011 жылы аудан әкімінің Ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуына қосқан үлесі Алғыс хатымен марапатталады 2012 жылы аудан әкімінің «Үздік шаруа қожалығы» номинациясымен марапатталды . 2112 жылы Ы.Кабеков орта мектебінің директорының Алғыс хаты демеушілік жасағаны үшін 2012 жылы аудан әкімінің Ауылымыздың әлеуметтік –экономикалық дамуына қосқан үлесі Алғыс хатымен марапатталады 2012 жылы 25 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Президентінің «Алтын сапа» және Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкрусына қатысып дипломмен марапатталды . 2013 жылы 18 қазанда Астана қаласында өткен « Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезіне делегат болып қатысты . 2013 жылы Екпін ауылының әкімінің Ауылымыздың әлеуметтік –экономикалық дамуына қосқан үлесі Алғыс хатымен марапатталады 2013 жылы «Нұр отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің құрмет громотасымен марапатталды . 2013 жылы 20 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Президентінің «Алтын сапа» және Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкрусына қатысып дипломмен марапатталды . «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ» меделінің иегері . 2013 жылы аудан әкімінің Ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуына қосқан үлесі Алғыс хатымен марапатталады 2014 жылы Ұлттық Бизнес-рейтингтер одғының «Қазақастан агро саласының құрметті қызметкері» орденімен марапатталды 2014 жылы аудан әкімінің Ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуына қосқан үлесі Алғыс хатымен марапатталады 2014 жылы « Жылдың агрокәсіпорны » медалымен марапаталды 2014 жылы аудан әкімінің «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауылыныздың мектебінен информатика кабинеттін жабдықтауға қосқан үлесі Алғыс хатымен марапатталады 2014 жылы Семей қаласының колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды үлгілі тәрбие бергені үшін 2015 жылы аудан әкімінің Ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуына қосқан үлесі Алғыс хатымен марапатталады 2015 жылы Екпін ауылдық мешітінің Алғыс хатымен марапатталады 2017 жылы ШығысҚазақстан облысы әкімінің орынбасары Ш.Байбековтің АЛҒЫСЫ ауыл шаруашылығы саласындағы еңбегі және оны дамытуға қосқан үлесі үшін . «EXPO-2017» «Қазақстанның құрметті азаматтары» энциклопедиясы елдегі ең белсенді , ең білікті, ең ықпалды , ең құрметті азаматтарды іріктеді Рахимбаев Д.К . № 388-389 беттерде тіркеліп жазылды . 2018 жылы аудан кәcіпкерлерінің Алғыс хатымен марапатталады 2018 жылы Тарбағатай ауданы шаруа қожалықтарынан Алғыс хатымен марапатталады 2018 жылы ШығысҚазақстан облысының ауыл шаруашылығының басқарма басшысы АЖакупбаевтың Алғыс хатымен марапатталды 2018 жылы Ы.Байқыдыров атындағы саз мектебі 50 жыл төс белгісімен марапатталған. 2018 жылы қайырымдылық акциясына демеушілік көрсеткені үшін Ы.Кабеков атындағы орта мектептің директорының Алғыс хатымен марапатталды 2019 жылы бабалар мұрасын жас ұрпақтарға насихаттау жолында сінірген ерен еңбегі үшін Сайболат ата медалімен марапатталады 2019 жылы аудан әкімінің қайырымдылық көмегініз үшін Жомарт жүрек Алғсы хатымен марапатталады 2020 жылы ауыл әкімінің «Туған жерге тағзым» акциясы аясында қосқан үлесі Алғыс хатымен марапатталады 2020 жылы Екпін ауылдық мешітінің Алғыс хатымен марапатталады 2021 жылы игі істері үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталады 2021 жылы Қазақтың ақбас асыл тұқымды ірі қара малының қалыптасуына 70 жылдық Алғыс хатымен және төс бедгімен мараатталды .. 2021 жылы аудан әкімінің Ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуына қосқан үлесі Алғыс хатымен марапатталады 2021 жылы «Қазақ қоғамының қайраткері» ұйымының шешімімен «Құрмет белгісі» төсбелгісіменмарапатталды 2021 жылы Шығыс Қазақстан мәслихаттына 25 жыл мерекелік медальмен марапатталған. 2021 жылы өз өңірінің экономикасына өркендетуге сүбелі өз үлесін қосып жүрген ел азаматтары қатарынан табылып еңбегі бағаланып«Қазақстанның Алтын кітабына» енді 278-282 беттеріне жазылды 2023 жылы Наурыз мерекесіне биік деңгейде өтуге үлес қосқаны үшін Алғыс хатымен марапатталады 2023 жылы «Аманат » партиясысының Ақсуат аудандық филиалының төрағасының Алғыс хатымен марапатталды 2023 жылы Ақсуат аудандық маслихаттың депутаты Жанұялы , жолдасы Тыныбаева Марияш информатика пәні мұғалім .2 қыз ,3 ұл тарбиелеп отыр . Айса Астана медицина унверситетінде - 7курста , Дарын Шәкәрім университетің ITI маманыдығы бойынша бітірген . Жансая , Әли , Әмір Ы.Кабеков атындағы орта мектетің 11- 1-2 сынып оқушылары оқу озаттары

    Нұрбекова Назым Аманкелдіқызы
    Мәслихат депутат

    Нұрбекова Назым Аманкелдіқызы

    "Қожакелді батыр" атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

    Нұрбекова Назым Аманкелдіқызы 1972 жылы 6 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекетік университетінің «тарих» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, 1994 жылдан осы күнге дейін №2 Ақсуат орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. 2005 жылы аудан әкімінің Алғыс хатымен, 2016 жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ректорының Алғыс хатымен, 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталған. 2016 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілген. 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінде барлық деңгейлік мәслихаттардың партия фракциясының депутаттарына арналған оқуды табысты аяқтап сертификатын алған. 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталған. «Тарбағатай ауданындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Тарбағатай ауданының мәслихатына 25 жыл» медалімен марапатталған. Абай облысы Ақсуат ауданына «Әлеуметтік экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталды.

    Тарпанбай Саят Лензатұлы
    Мәслихат депутат

    Тарпанбай Саят Лензатұлы

    ЖШС "Барқытбел-несие" заңгер

    Мен, Тарпанбай Саят Лензатұлы 1977 жылы желтоқсан айының 8 күні Жәнтікей ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Тұрғылықты мекен жайым Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылдық округі, Ақсуат ауылы. 2002 жылы отбасын құрдым, жұбайым Тарпанбай Динара Ерболатқызы. Ұлым Саятұлы Бекзат Астана қаласындағы Евразия ұлттық универститетінің ақпараттық технология факультетінің үшінші курс студенті. 1985 жылы Жәнтікей ауылындағы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 1995 жылы тәмәмдәдім. 1996 жылы Қарағанды педагогикалық колледжіне түсіп 1999 жылы диплом алып шықтым. 2001-2006 жылдар аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетін «Тарих экономика және құқық негіздері» мамандығы бойынша тәмамдадым. Қызметтік жолым, 2001-2005 жылдар аралығында Көкпекті ауданы, Биғаш ауылындағы Маяковский атындағы мектепте мұғалімдік қызмет атқардым. 2005-2006 жылдар аралығында Жарма ауданы, Әуезов кентіндегі Бақыршық орта мектепте мұғалімдік қызмет атқардым. 2006 жылдан осы уақытқа дейін "Бархытбел-несие «Несие серіктестігі» ЖШС-де заңгер қызметін атқарып келемін.

    Әштаева Алмагүл Мұхамедкәрімқызы
    Мәслихат депутат

    Әштаева Алмагүл Мұхамедкәрімқызы

    Ақсуат аудандық ауруханасының бас дәрігері

    Мен, Аштаева Алмагуль Мухамедкаримовна - 25.10.1973 жылы бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында тудым . 1978ж. Ақсуат орыс орта мектебіне барып , 1992 жылы 10 сыныпты аяқтадым. 1992 жылы Семей мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1999 жылы «бала дәрігері» мамандығы бойынша аяқтадым. 1999-2000ж. аралығында Семей қаласы Семей мемлекеттік медицина институтында «балалар дәрігері» мамандығы бойынша интернатурадан өттім. 2018ж. Алматы қаласы ҚДСЖМ қазақстан медицина Университетінде 14.05.-09.06.2018ж.аралығында «қоғамдық денсаулық сақтаудың шұғыл қызметтері» тақырыбында білім жетілдірдім.

    Нұрбеков Руслан Қайратұлы
    Мәслихат депутат

    Нұрбеков Руслан Қайратұлы

    «Рауан» ЖШС директоры

    Нұрбеков Руслан Қайратұлы-1987 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебін бітірген. 2010 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы «Рауан» ЖШС заңгер болып бастаған. 2015 -2019 жылдары аға заңгер болып қызмет атқарды. 2019 жылдан бастап «Рауан» ЖШС директоры. Отбасылы. Екі баласы бар.

    Жұмат Қайыржан Серікұлы
    Мәслихат депутат

    Жұмат Қайыржан Серікұлы

    «Бархытбел – несие» ЖШС бас есепші

    Мен Жұмат Қайыржан Серікұлы 1988 жылы 5 қыркүйекте Ақсуат ауылында дүниеге келдім. 1995 жылы №2 Ақсуат орта мектебіне қадам басып (қазіргі Қожагелді батыр атындағы мектеп), 2006 жылы аталған мектепті бітірдім. Студенттік өмірім Семей қаласының Рымбек Байсейітов атындағы Қаржы – экономикалық колледжінде 2006 жылы басталды. 2008 жылы осы оқу орнын «Есепші – экономист» мамандығымен аяқтадым. 2015 – 2017 жылдары Көкшетау қаласының «Гуманитарлық – техникалық академиясында» білім алдым. Факультет «Экономика және бизнес».

    Әшімұлы Әділет
    Бас маман

    Әшімұлы Әділет

    Ақсуат ауданы мәслихаты аппаратының бас маманы

    Мен, Әшімұлы Әділет 12 желтоқсан 1997 жылы Ақсуат ауылы, Тарбағатай ауданы, Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келдім. Қазір Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында тұрамын. 2016 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің әскери кафедрасына түсіп, 2018 жылы лейтенант әскери атағымен бітірдім. Бүгінгі күні Абай облысы, Ақсуат ауданы мәслихатының аппаратында бас маман міндетін атқарушы болып жұмысқа қабылдандым.

    Көнекбаев Тілеуқабыл Сәкенұлы
    Мәслихат депутат

    Көнекбаев Тілеуқабыл Сәкенұлы

    "AMANAT" партиясының Ақсуат аудандық филиалының атқарушы хатшысы

    1970 жылы 25 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Көкжыра ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1993 жылы Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993-1994 жылдары Семей облысы Ақсуат ауданы Комсомол кеңшарының азаматтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы қызметінен бастаған, 1994-1995 жылдары Комсомол кеңшарының №1 бригадасының мал дәрігері, 1995-1996 жылдары Комсомол кеңшарының мал шаруашылық цехының, Ойшілік ауыл әкімшілігінің мал дәрігері, 1996-1998 жылдары Ойшілік ауыл әкімшілігінің мал дәрігерлік инспекторы, 2001-2002 жылдары Ойшілік ауылдық округінің штаттан тыс мал дәрігері, 2002-2005 жылдары уақытша жұмыссыз, 2005-2011 жылдары Ойшілік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-жүргізушісінің міндетін уақытша атқарушы, бас маман іс-жүргізушісі, 2011-2021 жылдары Кұмкөл ауылдық округінің әкімі, 2021-2022 жылдары ШҚО Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.