
Өмірбаян
Мен Жұматов Қайыржан Серікұлы 1988 жылы 5 қыркүйекте Ақсуат ауылында дүниеге келдім. 1995 жылы №2 Ақсуат орта мектебіне қадам басып (қазіргі Қожагелді батыр атындағы мектеп), 2006 жылы аталған мектепті бітірдім.
Студенттік өмірім Семей қаласының Рымбек Байсейітов атындағы Қаржы – экономикалық колледжінде 2006 жылы басталды. 2008 жылы осы оқу орнын «Есепші – экономист» мамандығымен аяқтадым.
2015 – 2017 жылдары Көкшетау қаласының «Гуманитарлық – техникалық академиясында» білім алдым. Факультет «Экономика және бизнес».
Қызметтік жолдарым 2009 жылы Аудандық білім беру бөлімінде «Бас есепшіге көмекші» ретінде басталып, 2010 жылы «Тарбағатай жолдары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде маман – есепші қызметімен жалғасты. 2015 жылдың мамыр айынан бастап, бүгінгі күнге дейін «Бархытбел – несие» несие серіктестігі» ЖШС – да есепші қызметін атқарып келемін.
Сайлауға қатысудағы басты мақсатым ауданымыздың өркендеп, дамуына үлес қосу. Осы жолда аяңбай еңбек етіп, күш – жігерімді жұмсау. Халықпен тығыз байланыста болып, өтініш – тілектер негізінде тиісті орындармен жұмыс жасап, қолымнан келгенше көмек көрсету.
Сайлауалды бағдарламама қысқаша тоқтала кетсем. Қызметтік жолым қаржы саласымен байланысты болғандықтан, сайлауалды бағдарламамның басты бағыты ретінде кәсіпкерлікті дамыту, жас кәсіпкерлерді қолдау, жаңадан жұмыс орындарының ашылуына жұмыс жасау. Ауданымызда басты кәсіп мал шаруашылығы болғандықтан, осы саланың заманға сай дамуына ықпал ету. Тері, жүн өңдеу цехын, жылыжайлар салуға, егін шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктер жасау. Игерілмей жатқан жерлердің қайтарылып, жұмыс істеймін, кәсіп бастаймын деген азаматтарға берілуін қадағалау. Ветеринария саласына көңіл бөлу, атап айтқанда мал дәрігерлерінің біліктілігін арттыру, заманауи құралдармен жұмыс жасау (УЗИ аппараты, GPS жүйесі), арнайы киімдермен, автокөлікпен қамтамасыз ету. Электрэнергиясы жоқ қыстақтар, күзектерге электрэнергиясын тартуға көңіл бөлу.
Ауданымыздың гүлденуі біздің қолымызда – Аудан тұрғындары. Саябақтар, демалыс орындары, балалар ойын алаңдары, футбол алаңдар, көшедегі жаттығу жасау орындары, жолдардың жасалуы, ауыз су мәселесі, кәріз жүйесі, абаттандыру, тазалық жұмыстары, құрылыстар, ағымдағы жөңдеу, күрделі жөңдеу жұмыстары сапалы жасалуына ықпал жасау. Барлығы келешек ұрпақ үшін.
Аудандағы көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, пәтер жалдап жүрген отбасылар, жастар мәселесін шешу де басты назарда болады. Алдағы уақытта осы және басқа да тақырыптар бойынша сайлаушылармен кездесіп, халықтың өтініш – тілектерін тыңдау жұмыстары жүргізілетін болады.





