
Әштаева Алмагүл Мұхамедкәрімқызы
Ақсуат аудандық ауруханасының бас дәрігері
Өмірбаян
Мен, Аштаева Алмагуль Мухамедкаримовна - 25.10.1973 жылы бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында тудым .
1978ж. Ақсуат орыс орта мектебіне барып , 1992 жылы 10 сыныпты аяқтадым.
1992 жылы Семей мемлекеттік медицина институтына түсіп, 1999 жылы «бала дәрігері» мамандығы бойынша аяқтадым.
1999-2000ж. аралығында Семей қаласы Семей мемлекеттік медицина институтында «балалар дәрігері» мамандығы бойынша интернатурадан өттім.
2018ж. Алматы қаласы ҚДСЖМ қазақстан медицина Университетінде 14.05.-09.06.2018ж.аралығында «қоғамдық денсаулық сақтаудың шұғыл қызметтері» тақырыбында білім жетілдірдім.
2000-2013ж. Тарбағатай аудандық ауруханасына қарасты Үштөбе ауылындағы дәрігерлік емханасында дәрігер және емхана меңгерушісі болып, 2013 -2015 жылдары Тарбағатай аудандық орталық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқардым, 2013 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында 29.07-19.11.2013ж. аралығында қайта даярлық курсында «эндокринология» мамандығы бойынша өтіп, қосымша дәрігер «эндокринолог» болып жұмыс істедім.
2016-2017ж. аралығында Тарбағатай аудандық орталық ауруханасы емхана меңгерушісі қызметін қосымша атқарып, 2017-2018ж. аралығында Тарбағатай аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің халыққа медициналық қызмет көрсету жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2016ж. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шапағат» төсбелгісімен марапатталдым.
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Тарбағатай ауданының аудандық аурухана бас дәрігері қызметін атқарып отырмын.
2019 жылы Қазақ Америка еркін Университетінде менеджмент мамандығы бойынша « әкімшілік ісі» тақырыбында Академиялық магистр дәрежесін алдым
2020 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д.Ахметовтан «адал еңбегі және короновирустық инфекциямен күреске қосқан үлесі үшін» Грамота алдым.





