Көнекбаев Тілеуқабыл Сәкенұлы

    "AMANAT" партиясының Ақсуат аудандық филиалының атқарушы хатшысы

    Көнекбаев Тілеуқабыл Сәкенұлы
    Мәслихат депутат

    Көнекбаев Тілеуқабыл Сәкенұлы

    "AMANAT" партиясының Ақсуат аудандық филиалының атқарушы хатшысы

    Өмірбаян

    1970 жылы 25 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Көкжыра ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1993 жылы Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1993-1994 жылдары Семей облысы Ақсуат ауданы Комсомол кеңшарының азаматтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы қызметінен бастаған, 1994-1995 жылдары Комсомол кеңшарының №1 бригадасының мал дәрігері, 1995-1996 жылдары Комсомол кеңшарының мал шаруашылық цехының, Ойшілік ауыл әкімшілігінің мал дәрігері, 1996-1998 жылдары Ойшілік ауыл әкімшілігінің мал дәрігерлік инспекторы, 2001-2002 жылдары Ойшілік ауылдық округінің штаттан тыс мал дәрігері, 2002-2005 жылдары уақытша жұмыссыз, 2005-2011 жылдары Ойшілік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-жүргізушісінің міндетін уақытша атқарушы, бас маман іс-жүргізушісі, 2011-2021 жылдары Кұмкөл ауылдық округінің әкімі, 2021-2022 жылдары ШҚО Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері