Нұрбекова Назым Аманкелдіқызы

    "Қожакелді батыр" атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

    Нұрбекова Назым Аманкелдіқызы
    Депутат маслихата

    Нұрбекова Назым Аманкелдіқызы

    "Қожакелді батыр" атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

    Өмірбаян

    Нұрбекова Назым Аманкелдіқызы 1972 жылы 6 қыркүйекте бұрынғы Семей облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
    1994 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекетік университетінің «тарих» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, 1994 жылдан осы күнге дейін №2 Ақсуат орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып жұмыс істейді.
    2005 жылы аудан әкімінің Алғыс хатымен, 2016 жылы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ректорының Алғыс хатымен, 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталған.
    2016 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілген.
    2017 жылы «Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент мектебінде барлық деңгейлік мәслихаттардың партия фракциясының депутаттарына арналған оқуды табысты аяқтап сертификатын алған. 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай, Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталған. «Тарбағатай ауданындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Тарбағатай ауданының мәслихатына 25 жыл» медалімен марапатталған. Абай облысы Ақсуат ауданына «Әлеуметтік экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері