
Оразғалиев Жандос Қанатұлы
Ақсуат аудандық мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Мен Оразғалиев Жандос Қанатұлы, 1986 жылы 15-ші желтоқсанда Семей облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматымын. Ұлты қазақ. «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының төрағасы.«Amanat» партиялық бақылау комиссиясының төрағасымын.«Қара Шаңырақ» кешенінің негізін қалаушы құрылтайшымын.
Кәсіби біліктілігім:
2005-2008 жылдары Семей көлік колледжі, «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығын үздік дипломмен бітірдім.
2010-2011 жылдары «Санжар» экономика, бизнес және құқық колледжінде «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.
2011-2014 жылдары «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірдім.
Кәсіби тәжірибем:
2006 - 2008 жылдары аралығында «Выбор молодых» қоғамдық бірлестігінің Семей облыстық өкілдігінде төрағалық жасадым.
2009 - 2010 жылдары аралығында Семей гуманитарлық – заң колледжінің жол қозғалысын ұйымдастыру бағытында арнайы пәндер оқытушы қызметін атқардым.
2010 - 2014 жылдары аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰҚ-да локоматив машинисті болып жұмыс жасадым.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Біз біргеміз» қайырымдылық қорының төрағасы және жеке кәсіпкермін.
2021-2023 жылдар аралығында VII шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының депутаты болдым.
2023 жылдың сәуір айынан VIII шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының депутаты және мәслихат төрағасы болып сайландым.

