Сұрақтар мен жауаптар — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    Мүгедектік тобы қандай мерзімге белгіленеді?

    Жауап

    Организм функцияларының бұзылу дәрежесіне, тіршілік-тынысының шектелуіне және оңалту әлеуетіне қарай мүгедектік мынадай мерзімдерге белгіленеді: – жеті жасқа дейінгі адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға және жеті жасқа толғанға дейін; – жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі...

    Сұрақ

    Мүгедектіктің қандай санаттары мен топтары бар?

    Жауап

    Организм функцияларының бұзылу және тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне қарай мүгедектігі бар деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік белгіленеді. Жеті жасқа дейінгі адамға «мүгедектігі бар бала» санаты, ал жетіден...

    Сұрақ

    МӘС-ке берілген өтініш қанша уақыт қаралады?

    Жауап

    1) өтініш берген күні; 2) сырттай проактивті жолданған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні өткеннен кейін. Бұл ретте сырттай проактивті куәландыруға өтінімдер көп түскен жағдайда күту парағы қалыптастырылады.

    Сұрақ

    Мүгедектікті белгілеу үшін куәландырудан қай жерде өтуге болады?

    Жауап

    Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамды МӘС-тен өткізу оның тұрақты тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша медициналық ұйымның ДКК жолдамасымен жүргізіледі: 1) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде; 2) стационарлық көмек көрсетет...

    Сұрақ

    Бір бүйрегім болғандықтан жыл сайын куәландырудан өтемін. Егер жалғыз бүйрегімнің қызметі жақсарса, мүгедектік алынып тастала ма?

    Жауап

    Бір бүйректің болмауы мүгедектікті белгілеуге негіз болып табылмайды. Барлығы жалғыз бүйректің функционалдық жағдайына байланысты. МӘС бөлімі куәландыру кезінде объективті қарап-тексеру және медициналық құжаттарды зерделеу барысында жалғыз бүйректің функционалдық жағдайын бағалай...

    Сұрақ

    Пациентті немесе мүгедектігі бар адамды қарап-тексеру кезінде оның туыстары қатыса ала ма?

    Жауап

    «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес, егер бұл ретте өзге жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса, дербес деректерді таратуға субъектінің немесе оның заңд...

    Сұрақ

    Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаманы қандай жағдайда және кім береді?

    Жауап

    Анатомиялық кемістіктері қоспағанда медициналық ұйымдар кемінде төрт айдан кейін жібереді. Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, е...

    Сұрақ

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау қандай нормативтік құқықтық актілер негізінде жүргізіледі?

    Жауап

    Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау келесі нормативтік құжаттар негізінде жүргізіледі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызмет...

    Сұрақ

    Зейнетақыдан ұстап қалу жүргізілуі мүмкін бе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 203 бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу алушының өтініші негізінде ұсталатын зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген зейнетақы сомаларын қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін....

    Сұрақ

    Отбасында екі бала (егіздер) туған жағдайда бала күтімі бойынша бір жәрдемақы тағайындалады ма немесе әр балаға бөлек пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 81 бабының 5-тармағына сәйкес бір жарым жасқа толмаған екі және одан көп балаға күтім жасалған жағдайда, бала күтіміне байланысты жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленеді.

    Сұрақ

    Біз отбасымызбен Оралдан Алматы қаласына көштік, менің анам Оралда зейнетақы алып тұрды, тұрғылықты жері өзгерген кезде не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған зейнетақы алушылар зейнетақы ісіне сұрау салуға өтініш береді. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақы ісіне сұрау салуды өтініш берушінің бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырады. Осыған орай, Сіздің анаңыз Алм...

    Сұрақ

    Менің асырауымда 2 балам бар, біздің асыраушымыз 2025 жылы 12 ақпанда қайтыс болды, жақында жәрдемақы төленетінін білдім, жәрдемақыны қай уақыттан алуға құқығым бар және жәрдемақыны алу үшін қайда баруым керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 234 бабының 8-тармағына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бірақ барлық қажетті құжаттармен бірге жәрдемақы тағайындауға өтініш жасаған күнге дей...