Мүгедектікті белгілеу үшін куәландырудан қай жерде өтуге болады?
Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамды МӘС-тен өткізу оның тұрақты тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша медициналық ұйымның ДКК жолдамасымен жүргізіледі:
1) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде;
2) стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
3) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында;
4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторларында;
5) үйде;
6) сырттай;
7) сырттай проактивті түрде.