Мүгедектіктің қандай санаттары мен топтары бар?
Организм функцияларының бұзылу және тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелу дәрежесіне қарай мүгедектігі бар деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік белгіленеді. Жеті жасқа дейінгі адамға «мүгедектігі бар бала» санаты, ал жетіден он сегіз жасқа дейінгі адамға «бірінші топтағы мүгедектігі бар бала», «екінші топтағы мүгедектігі бар бала», «үшінші топтағы мүгедектігі бар бала» санаттары белгіленеді.