Бір бүйрегім болғандықтан жыл сайын куәландырудан өтемін. Егер жалғыз бүйрегімнің қызметі жақсарса, мүгедектік алынып тастала ма?
Бір бүйректің болмауы мүгедектікті белгілеуге негіз болып табылмайды. Барлығы жалғыз бүйректің функционалдық жағдайына байланысты.
МӘС бөлімі куәландыру кезінде объективті қарап-тексеру және медициналық құжаттарды зерделеу барысында жалғыз бүйректің функционалдық жағдайын бағалайды. Оның функциясының жеткіліксіздігі болған кезде организм жай-күйі мен тіршілік-тынысының шектелу дәрежесін кешенді бағалау негізінде мүгедектік белгілейді.