Менің асырауымда 2 балам бар, біздің асыраушымыз 2025 жылы 12 ақпанда қайтыс болды, жақында жәрдемақы төленетінін білдім, жәрдемақыны қай уақыттан алуға құқығым бар және жәрдемақыны алу үшін қайда баруым керек?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 234 бабының 8-тармағына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бірақ барлық қажетті құжаттармен бірге жәрдемақы тағайындауға өтініш жасаған күнге дейін он екі айдан аспайтын уақытқа немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін тағайындалады.