Сұрақтар мен жауаптар — Қызылорда облысының дін істері басқармасы

    Қызылорда облысының дін істері басқармасы мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    «Тіркелмеген діни бірлестік» деген не және олардың жиналыстарына немесе шараларына қатысуға неге тыйым салынған?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кез келген діни ұйым өз қызметін бастамас бұрын мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Егер ұйым әділет органдарында тіркелмесе, оның қызметі заңсыз деп танылады. Мұндай заңсыз бірлестіктердің жиналыстарына қатысу, олардың идеяларын насихат...

    Сұрақ

    Балаларды діни іс-шараларға (уағыздар, құлшылықтарға) апаруға заң рұқсат бере ме?

    Жауап

    Тек ата-анасының келісімімен және қасында бірге жүруімен ғана рұқсат. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес, кәмелетке толмаған балаларды діни бірлестіктердің іс-шараларына қатыстыру үшін ата-анасының екеуінің де қарсылығы болмауы тиіс.

    Сұрақ

    Діни жоралар, рәсімдер мен уағыздарды кез келген жерде (көшеде, мекемелерде) жүргізе беруге бола ма?

    Жауап

    Жоқ, болмайды. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 – бабы 1 – тармағына сәйкес, діни жоралар мен рәсімдер діни ғимараттарда және оларға бөлінген аумақтарда, діни білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Осы талаптардан тыс, қоғамдық оры...

    Сұрақ

    Діни әдебиеттерді таратуға рұқсат бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни әдебиеттерді тарату тек арнайы белгіленген орындарда жүзеге асырылады. Діни әдебиеттерді таратуға рұқсатты облыстық дін істері басқармасы береді. Сонымен қатар, діни мазмұндағы материалдар міндетті түрде дінтану сараптамасынан өту...

    Сұрақ

    Дін саласына қатысты мәселелер бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Дін саласына қатысты сұрақтар немесе мәселелер туындаған жағдайда Қызылорда облысының дін істері басқармасына немесе басқармаға қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығына жүгінуге болады. Мамандар азаматтарға заңнама шеңберінде кеңес беріп, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

    Сұрақ

    Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Қызылорда облысының дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жүргізіледі. Бұл бағытта ақпараттық-түсіндіру топтарының кездесулері, семинарлар, лекциялар, жастармен кездесулер және әлеуметтік желіл...

    Сұрақ

    Облыстағы діни ахуал қалай зерделенеді?

    Жауап

    Облыстағы діни ахуалды зерделеу жұмыстары Қызылорда облысының дін істері басқармасы мен оған қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығы арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, тұрақты түрде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ақ...

    Сұрақ

    Дінтану мамандықтары бойынша білім беретін қазақстандық зайырлы оқу орындары қандай?

    Жауап

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіЕ.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Абай атынд...

    Сұрақ

    Елімізде қандай жоғары діни оқу орындары бар?

    Жауап

    Қазіргі таңда исламдық бағыт бойынша 3 жоғары діни оқу орыны бар. Олар«Нұр-Мүбарак» Египат ислам мәдениеті университеті, ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру ислам институты, ҚМДБ қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты. Бұдан бөлек 9 медресе колледж бар...

    Сұрақ

    Діни сұрақтардың жауабын кімнен алуға болады?

    Жауап

    Діни сұрақтардың жауабын ресми тіркелген діни бірлестіктерден, олардың діни қызметкерлері мен парақшаларынан алуға болады. Бұдан бөлек басқармаға қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларына жазу арқылы анонимді түрде ақпарат алуға болады. Орталық...

    Сұрақ

    Зайырлы мемлекет дегеніміз не?

    Жауап

    Зайырлы мемлекет дегеніміз мемлекеттің дін мен діни бірлестіктерден бөліну қағидаты. Яғни, мемлекеттңк діннен, діннің мемлекеттен бейтараптылығы. Оның белгілеріне мыналар жатады: - Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі; - Діннің саясаттан ажыратылуы; - Дін әр азаматтың жеке іс...

    Сұрақ

    Дін істері басқармасының функциясы қандай? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан айырмашылығы не?

    Жауап

    Қызылорда облысының дін істері басқармасы діни қызмет саласындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттілік берілген мемлекеттік орган. Негізгі мақсатына дін саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде жүргізу, өңірдегі діни ахуалды зерделеу кіреді. Ал «Қазақстан мұсылман...