Елімізде қандай жоғары діни оқу орындары бар?
Қазіргі таңда исламдық бағыт бойынша 3 жоғары діни оқу орыны бар.
Олар «Нұр-Мүбарак» Египат ислам мәдениеті университеті, ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру ислам институты, ҚМДБ қарасты Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институты. Бұдан бөлек 9 медресе колледж бар.
Ал христиандық бағытта 2 оқу орны бар. Олар Алматы Православиелік рухани семинария және Қарағандыдағы Жоғарғы епархияаралық «Мария – Шіркеудің Анасы» рухани Семинариясы.