Діни әдебиеттерді таратуға рұқсат бар ма?
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни әдебиеттерді тарату тек арнайы белгіленген орындарда жүзеге асырылады. Діни әдебиеттерді таратуға рұқсатты облыстық дін істері басқармасы береді.
Сонымен қатар, діни мазмұндағы материалдар міндетті түрде дінтану сараптамасынан өтуі тиіс. Бұл талап қоғамда діни тұрақтылықты сақтау мақсатында енгізілген.