Қызылорда облысының дін істері басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қызылорда облысының дін істері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

    1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

    2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

    3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;

    4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

    6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Сарапшылар кеңес құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру

    Қызылорда облысының дін істері басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде бағалау жүргізу үшін сарапшылар кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды. Сарапшылар кеңесі 3 (үш) жыл мерзімге құрылады және оның мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады. Сарапшылар кеңесі құрамына азаматтық қоғам өкілдері – үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, қоғам белсенділері өзін-өзі ұсыну арқылы қатыса алады. Кандидаттарға қойылатын талаптар: - азаматтық қоғам саласында тәжірибесінің болуы; - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру және бағалау мәселелерін түсінуі; - мүдделер қақтығысының болмауы не оны жазбаша түрде көрсетуге дайын болуы. Сарапашылар кеңесі мүшелігіне үміткерлер белгіленген мерзімде мемлекеттік органға: - эксперттік кеңеске мүше болуға өтінішті; - мүдделер қақтығысының бар немесе жоқ екендігі туралы хабарламаны ұсынады. Кандидаттарды қабылдау туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Белгіленген мерзімде кандидаттар ұсынылмаған жағдайда, сарапшылар кеңесі құрамы мемлекеттік орган тарапынан дербес қалыптастырылатын болады. Сарапшылар кеңесінің алдын ала құрамы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің келісуіне енгізіледі. Қосымша ақпарат алу үшін: 📍 мекенжайы: С. Бейбарыс к., 1 ғимарат, 318 кабинет 📞 байланыс телефоны: 8 7242 60 53 09, 8 747 701 9127 Н. Бердібек 📧 электрондық пошта: n.berdibek @ vmail . kz

    26 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ул. С. Бейбарыс, здание 1, кабинет 318

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    «Тіркелмеген діни бірлестік» деген не және олардың жиналыстарына немесе шараларына қатысуға неге тыйым салынған?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кез келген діни ұйым өз қызметін бастамас бұрын мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Егер ұйым әділет органдарында тіркелмесе, оның қызметі заңсыз деп танылады. Мұндай заңсыз бірлестіктердің жиналыстарына қатысу, олардың идеяларын насихаттау заңмен қатаң шектелген.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кез келген діни ұйым өз қызметін бастамас бұрын мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Егер ұйым әділет органдарында тіркелмесе, оның қызметі заңсыз деп танылады. Мұндай заңсыз бірлестіктердің жиналыстарына қатысу, олардың идеяларын насихаттау заңмен қатаң шектелген.Мұндай заңсыз бірлестіктердің жиналыстарына қатысу, олардың идеяларын насихаттау заңмен қатаң шектелген.

    Сұрақ

    Балаларды діни іс-шараларға (уағыздар, құлшылықтарға) апаруға заң рұқсат бере ме?

    Жауап

    Тек ата-анасының келісімімен және қасында бірге жүруімен ғана рұқсат. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес, кәмелетке толмаған балаларды діни бірлестіктердің іс-шараларына қатыстыру үшін ата-анасының екеуінің де қарсылығы болмауы тиіс.

    Сұрақ

    Діни жоралар, рәсімдер мен уағыздарды кез келген жерде (көшеде, мекемелерде) жүргізе беруге бола ма?

    Жауап

    Жоқ, болмайды. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 – бабы 1 – тармағына сәйкес, діни жоралар мен рәсімдер діни ғимараттарда және оларға бөлінген аумақтарда, діни білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Осы талаптардан тыс, қоғамдық орындар мен мемлекеттік мекемелерде уағыз жүргізуге немесе діни идеологияны насихаттауға жол берілмейді.

    Сұрақ

    Діни әдебиеттерді таратуға рұқсат бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни әдебиеттерді тарату тек арнайы белгіленген орындарда жүзеге асырылады. Діни әдебиеттерді таратуға рұқсатты облыстық дін істері басқармасы береді. Сонымен қатар, діни мазмұндағы материалдар міндетті түрде дінтану сараптамасынан өтуі тиіс. Бұл талап қоғамда діни тұрақтылықты сақтау мақсатында енгізілген.

    Сұрақ

    Дін саласына қатысты мәселелер бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Дін саласына қатысты сұрақтар немесе мәселелер туындаған жағдайда Қызылорда облысының дін істері басқармасына немесе басқармаға қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығына жүгінуге болады. Мамандар азаматтарға заңнама шеңберінде кеңес беріп, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

    Сұрақ

    Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Қызылорда облысының дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен жүргізіледі. Бұл бағытта ақпараттық-түсіндіру топтарының кездесулері, семинарлар, лекциялар, жастармен кездесулер және әлеуметтік желілер арқылы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде өткізіледі.