Дін істері басқармасының функциясы қандай? Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан айырмашылығы не?
Қызылорда облысының дін істері басқармасы діни қызмет саласындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттілік берілген мемлекеттік орган. Негізгі мақсатына дін саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде жүргізу, өңірдегі діни ахуалды зерделеу кіреді.
Ал «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігі дегеніміз Ислам дінінің сүнни бағыты Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын Қазақстан азаматтарының ерікті бірлестігі. Негізгі мақсаты ислам діні ілімдерін насихаттау мен тарату.