Зайырлы мемлекет дегеніміз не?
Зайырлы мемлекет дегеніміз мемлекеттің дін мен діни бірлестіктерден бөліну қағидаты. Яғни, мемлекеттңк діннен, діннің мемлекеттен бейтараптылығы. Оның белгілеріне мыналар жатады:
- Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі;
- Діннің саясаттан ажыратылуы;
- Дін әр азаматтың жеке ісі болып есептелуі;
- Мемлекеттік білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің зайырлы сипатта болуы;
- Діни наным-сенімнің адамның жеке өмірінің бостандығына басымдық беруі.
Айта кету керек, еліміз Конституциямызға сәйкес өзін зайырлы мемлекет ретінде орнықтырады.