Қызметкерлер — Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

    Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Смағұлов Абылай Ғазизұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Смағұлов Абылай Ғазизұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    1993 жылы 22 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 2015 жылы «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2017 жылы «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін, 2022 жылы «Өңірлік даму» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын оқып аяқтады.

    Қасымжанов Думан Ерланұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Қасымжанов Думан Ерланұлы

    басқарма басшысының орынбасары

    1992 жылы 21 желтоқсанда Шет ауданының Ақсу-Аюля ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2016 жылы «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» мамандығы бойынша Балқаш көпсалалы колледжін, 2021 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша Қарағанды техникалық университетін оқып аяқтады.

    Сәулет және қала құрылысыҚұрылыс

    Бөлім

    6

    Басқа қызметкерлер

    4
    Мағзин Мұрат Сәкенұлы
    Қызметкерлер

    Мағзин Мұрат Сәкенұлы

    Басқарма басшысы

    1978 жылғы 02 қарашада Қарағанды облысы Шет ауданы Акшатау кентінде дүниеге келген. 2000 жылы Қарағанды политехникалық институты "пайдалы қазбалар кеніштерін жер астында өндіру" мамандығы бойынша, 2007 жылы Қарағанды экономикалық университеті "экономика" мамандығы бойынша, 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті "құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру" мамандығы бойынша білім алған.

    Басқарма басшысы

    Мұратұлы Саян

    Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

    Өзінің еңбек жолын 2012 жылы «Сервис Консульт» ЖШС қызметінде бастады. 2015 -2016 жылдар аралығында «Балқаш қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ көркейту, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және коммуналдық шарушылық секторының бас маманы қызметін атқарды. 2016 – 2022 жылдар аралығында «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ сумен жабдықтау және су тарту бөлімінің бас маманы және басшысы қызметтерін атқарды. С 2022 - 2024 жылдар аралығында «Ақтоғай аудынының әкімі аппаратыә ММ Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары, 2024 – 2025 жылдары «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2025 жылдың 29 шілдесінен бастап «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

    Туребаев Жанбулат Курманиязович
    Қызметкерлер

    Туребаев Жанбулат Курманиязович

    Басқарма басшысының орынбасары

    1989 жылы 12 тамызда Өзбекстан Республикасы, Бұхар облысы, Тамды ауылында дүниеге келген. 2008 жылы – «Үй-жай шаруашылығы инженерлік жүйелер» мамандығы бойынша № 7 кәсіптік мектептің толық курсын, 2011 жылы – «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» мамандығы бойынша Астана қаласы Политехникалық колледжін, 2015 жылы - «Құрылыс» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін оқып аяқтады.