
Қасымжанов Думан Ерланұлы
басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1992 жылы 21 желтоқсанда Шет ауданының Ақсу-Аюля ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар.
2016 жылы «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» мамандығы бойынша Балқаш көпсалалы колледжін,
2021 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша Қарағанды техникалық университетін оқып аяқтады.
Өзінің еңбек жолын 2013 жылы «Балқаш қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ маман көмекшісінен бастаған. 2017-2018 жылдары «Балқаш қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ бас маманы, 2018-2019 жылдары «Ақтоғай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы, 2020-2021 жылдары «Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы, 2021-2022 жылдары «Гүлшат кенті әкім аппараты» бас маманы, 2022-2025 жылдары Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы-мемлекеттік құрылыс инспекторы қызметтерін атқарды.
2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

