Смағұлов Абылай Ғазизұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Смағұлов Абылай Ғазизұлы
    Заместитель руководителя управления

    Смағұлов Абылай Ғазизұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1993 жылы 22 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген.

    Үш жоғары білімі бар.

    2015 жылы «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін,

    2017 жылы «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін,

    2022 жылы «Өңірлік даму» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын оқып аяқтады.

    Өзінің еңбек жолын 2016 жылы «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылыс секторының бас маманы қызметінен бастады. 2018-2020 жылдар аралығында «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қалалар мен аудандарды дамыту бағдарламасы бойынша мониторинг бөлімінің бас маманы, тұрғын үй құрылысын дамытуды үйлестіру бөлімінің бас маманы, 2020-2023 жылдар аралығында - «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй құрылысын дамытуды үйлестіру бөлімінің басшысы, қызметтерін атқарды.

    2023 жылдың 20 наурызынан бастап «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері