Сұрақтар мен жауаптар — Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

    Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    "Банк ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру бағдарламасы (ипотекалық несиелер) бойынша несиені қайта қаржыландырудан бас тартқан жағдайда не істеу керек?"

    Жауап

    Қайта қаржыландырудан бас тартқан жағдайда қарыз алушы ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруданбас тартуға қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссияға жүгінуге құқылы.

    Сұрақ

    "Нұрлы жер"тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын үйді қандай санаттар ала алады?

    Жауап

    "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үймен халықтың тұрғын үй сатып алу үшін жеткілікті табысы жоқ әлеуметтік осал санаттары: мүгедектер, жетім балалар, көп балалы отбасылар, сондай – ақ і...