Мағзин Мұрат Сәкенұлы

    Басқарма басшысы

    Мағзин Мұрат Сәкенұлы
    Руководитель управления

    Мағзин Мұрат Сәкенұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    1978 жылғы 02 қарашада Қарағанды облысы Шет ауданы Акшатау кентінде дүниеге келген.

    2000 жылы Қарағанды политехникалық институты "пайдалы қазбалар кеніштерін жер астында өндіру" мамандығы бойынша,

    2007 жылы Қарағанды экономикалық университеті "экономика" мамандығы бойынша,

    2016 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті "құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру" мамандығы бойынша білім алған.

    2000 жылдан 2004 жылға дейін Шахтинск қаласының В. И. Ленин атындағы шахтаның "Испат-Кармет" акционерлік қоғамында тау-кен шебері болып жұмыс істеді.
    2004 жылдан 2005 жылға дейін Абай ауданы әкімі аппаратының сәулет, құрылыс, өнеркәсіп, көлік және байланыс бөлімінің бас маманы.
    2005 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін Абай ауданының құрылыс және қала құрылысы бөлімінің бас маманы.
    2005 жылдың наурыз айынан 2006 жылға дейін Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
    2006 жылдан 2008 жылға дейін Абай ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы.
    2008 жылдан 2009 жылға дейін Абай ауданының құрылыс бөлімінің бастығы.
    2009 жылдан 2013 жылға дейін Абай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.
    2013 жылдан 2015 жылға дейін Абай ауданының құрылыс бөлімінің басшысы.
    2015 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Абай ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

    2022 жылдың 19 қыркүйегінен бастап «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басқарма басшы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері