
Туребаев Жанбулат Курманиязович
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1989 жылы 12 тамызда Өзбекстан Республикасы, Бұхар облысы, Тамды ауылында дүниеге келген.
2008 жылы – «Үй-жай шаруашылығы инженерлік жүйелер» мамандығы бойынша № 7 кәсіптік мектептің толық курсын,
2011 жылы – «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану» мамандығы бойынша Астана қаласы Политехникалық колледжін,
2015 жылы - «Құрылыс» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін оқып аяқтады.
Өзінің еңбек жолын 2011 жылы Шахтинск қаласындағы «Придолинские ВКС» ЖШС-де слесарь-сантехник қызметінен бастады. 2015-2018 жылдар аралығында «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылыс бойынша инспекторы қызметін атқарды.
2018 жылы «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылыс секторының бас маманы м.а. болып мемлекеттік қызметке тұрды. 2019-2022 жылдар аралығында «Шахтинск қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылыс секторының меңгерушісі болды. 2022 жылдың қыркүйек айында «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жоба - сметалық құжаттамалар және күрделі жөндеу бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2023 жылдың 11 қазанынан бастап «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
