"Балқаш қаласы әкімінің аппараты" ММ

    Жалпы ақпарат

    "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік басқару және бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын, Балқаш қаласы әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру бойынша

    Жауап

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда ғана рұқсат етіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жоқ елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беру тек электрмен жабдықтау желілері болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрау кезінде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және жер телімдерін бөлуге арналған алаңдар дайындалуына қарай немесе жеке тұрғын үй құрылысына пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері тегін негізде берілген кезде, азаматтың мемлекет тарапынан жеке тұрғын үй құрылысына бұрын жер учаскесі берілген-берілмегені ескеріледі. Арнайы есепке қою кезінде азаматтың мемлекет тарапынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскесінің бар-жоғы ескеріледі, бұл туралы мәліметтер Мемлекеттік корпорациядан сұралады. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жер учаскелерін бөлуге арналған алаңдарды дайындау туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінің тізімдері туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ақпарат арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде тоқсанына кемінде бір рет жариялау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнайы есепке қоймай беруіне тыйым салынады.

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу мәселесі бойынша

    Жауап

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 128-бабына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту негіздері мыналар болып табылады: облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының асып кетуі; өтініш берушінің учаскелік комиссияның материалдық жағдайды тексеру жүргізуінен бас тартуы; тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытындысы; осы Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартуы – бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде; бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді алушының кінәсінен орындамау – атаулы әлеуметтік көмекті қайта тағайындауға жүгінудің алдындағы алты ай ішінде; атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтерді және (немесе) шындыққа сәйкес келмейтін құжаттарды ұсыну – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде.

    Сұрақ

    Тұрғын үймен қамту бойынша

    Жауап

    Ағымдағы жылдың 24 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, күшіне енді. Осы өзгерістерге сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім, соның ішінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді беру туралы шешім ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес қабылданады (Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы). Жоғарыда баяндалғанның негізінде, тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтар арасында тұрғын үйді бөлу жөніндегі оператор ретінде қазіргі уақытта «Отбасы Банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) айқындалды. Осылайша, жергілікті атқарушы органның балансында бар және (немесе) пайдалануға берілген пәтерлер тізімі Банкке ұсынылғаннан кейін, мемлекеттік тұрғын үйлерді кезекте тұрған азаматтар арасында бөлу Банк арқылы жүзеге асырылатын болады.

    Сұрақ

    Шатыр жөндеу бойынша

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабының 14) тармақшасына сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне (қасбеттер, шатырлар, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен алаңдары, лифтілер, шатыр асты, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйдің ортақ инженерлік жүйелері мен жабдықтары, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесі және (немесе) үй маңындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланудағы өзге де мүлік) пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығында тиесілі. Аталған Заңның 34-бабының 3-тармағына сәйкес, пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, автотұрақ орнының немесе қойманың меншік иесі өзіне тиесілі мүлікті күтіп-ұстау міндетін көтереді, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті.

    Сұрақ

    Қаланың жолдары қашан жөнделеді?

    Жауап

    Қазіргі уақытта жолдардың жағдайы көптеген сұрақтар туғызып отырғанын түсінеміз. Шұңқырлардың пайда болуы өткен жылғы жылу және сумен жабдықтау құбырларын ауыстыру жұмыстарына байланысты. Бұл жұмыстар күз айының соңында, жер қатқан кезде аяқталғандықтан, қазір, көктемде, топырақ шөгіп, асфальттың бұзылуына әкеліп соқтыруда. Биыл қаланың 18 көшесін жөндеуді жоспарлап отырмыз. Жөнделетін учаскелердің жалпы ұзындығы 17,6 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта, негізгі жөндеу жұмыстарына мердігерді таңдау жүріп жатқанда, біз уақытша жұмыстар жүргізудеміз: шұңқырларды жөндеу жолдарды тегістеу бұзылған учаскелерге қосымша материал төсеу.Бұл шаралар уақытша, бірақ олар орташа жөндеу басталғанға дейін жолдарды қауіпсіз етуге көмектеседі. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және уақытша қиындықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін бізде жаңа жолдар ғана емес, сенімді коммуникациялар да болады.

    Ақпарат

    Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу туралы АҚПАРАТ

    Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тіркеу туралыАҚПАРАТ(2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 28 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша №р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері Кім ұсынды № 17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Байгабелов Жанибек Алтынбекович 1984 “Қазақмыс Корпорациясы” ЖШС металлургия бойынша бас операциялық директоры, «Kazakhmys Smelting» (Қазақмыс Смэлтинг) ЖШС бас директоры Балқаш қаласы «Respublika» партиясы 2. Никуличев Юрий Игоревич 1984 «Kazakhmys Smelting» ЖШС, жобалау орталығының бастығы Балқаш қаласы өзін-өзі ұсыну 3. Нурмаганбетов Максат Кранович 1983 «Балқаш Жылу» кәсіпорнының басшысы Балқаш қаласы өзін-өзі ұсыну

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, (санаты E-R-4, №1-3) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5587491285

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы", (санаты E-3, №5-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5587171726

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының секторының бас маманы, (санаты E-R-4, №2-1-2) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5587221851

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының секторының бас маманы, (санаты E-R-4, №2-1-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5587217308

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Балқаш қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі спорт секторының бас маманы, (E-R-4 санаты, № 2-1-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

    Балқаш қаласы әкімінің аппараты Конкурс туралы ақпарат Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.11.2026 - 03.11.2026 ЖҚБ нәтижелері бойынша ТОП-5 (рейтинг есебі сағат 23:00-ден кейін жүргізіледі)04.11.2026 Практикалық бағалау: 05.11.2026 Анықтама телефоны: 8(71036) 43106 E-R-4санат үшін орташа лауазымдық жалақы:282 693 тг. (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Лауазым атауы: "Балқаш қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі спорт секторының бас маманы, (E-R-4 санаты, № 2-1-1) (Лауазым мәртебесі: бос) Функционалдық міндеттері: Әкім аппаратында, мәслихатта, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында Бөлімнің өкілі. Дене шынықтыру және спорт бойынша статистикалық есептерді 1ДШ, 5 ДШ жүргізеді. Қаланың дене шынықтыру ұжымдарының жұмысын талдайды. Қала спортшыларының түрлі облыстық, республикалық турнирлерге, чемпионаттарға қатысуын жоспарлайды және талдайды. Оқу орындары мен еңбек ұжымдарында Президенттік тесттерге халықтың физикалық дайындығын тексеруді жүзеге асырумен айналысады. Спорттық дәрежелер алғандармен жұмыс істейді. Қаланың орта мектептерінің дене шынықтыру және спорт мәселелерін бақылауды жүзеге асырады. Дене шынықтыру ұжымдарында, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда, ұйымдарда тексерулер жүргізеді. Балқаш қаласында өткізілетін барлық дене шынықтыру-бұқаралық іс-шаралардың дайындығына басшылық жасайды және бақылайды. Дене шынықтыру және спорт бойынша шығыстар сметасының орындалуын, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың бөлу құжаттарының орындалуын жүзеге асырады. Әкімнің қабылдаған шешімдеріне, дене шынықтыру және спортты дамыту мәселесі жөніндегі қалалық кеңестің қаулыларына, іс-шаралардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.«Электрондық құжат айналымы», «E-Қызмет», «Е-өтініш» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жүргізеді. Жалпы біліктілік талаптары Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек: "Балқаш қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі спорт секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім жұмыс өтілі талап етілмейді. Білімге қойылатын талаптар Жоғары білім Орта кәсіби білім Жоғары оқу орнынан кейінгі білім Орта білімнен кейінгі білім Орта техникалық білім Кәсіби білім Мамандық бойынша талап ·Алғашқы әскери дайындық (код=5В010400, түрі=Педагогикалық ғылымдар) ·Дене шынықтыру және спорт (код=5В010800, түрі=Педагогикалық ғылымдар) ·Спорт менеджменті (код=B, түрі=Бизнес, басқару және құқық) ·Әскери іс (код=6B121, түрі=Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс) Шағым жасау тәртiбi Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады. https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5586667483

    Жарияланды: