Атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу мәселесі бойынша
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 128-бабына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту негіздері мыналар болып табылады:
- облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының асып кетуі;
- өтініш берушінің учаскелік комиссияның материалдық жағдайды тексеру жүргізуінен бас тартуы;
- тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытындысы;
- осы Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартуы – бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде;
- бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді алушының кінәсінен орындамау – атаулы әлеуметтік көмекті қайта тағайындауға жүгінудің алдындағы алты ай ішінде;
- атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтерді және (немесе) шындыққа сәйкес келмейтін құжаттарды ұсыну – олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде.