Ағымдағы жылдың 24 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, күшіне енді. Осы өзгерістерге сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім, соның ішінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді беру туралы шешім ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес қабылданады (Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы).
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған азаматтар арасында тұрғын үйді бөлу жөніндегі оператор ретінде қазіргі уақытта «Отбасы Банк» АҚ (бұдан әрі – Банк) айқындалды.
Осылайша, жергілікті атқарушы органның балансында бар және (немесе) пайдалануға берілген пәтерлер тізімі Банкке ұсынылғаннан кейін, мемлекеттік тұрғын үйлерді кезекте тұрған азаматтар арасында бөлу Банк арқылы жүзеге асырылатын болады.