Биыл қалада ауқымды жол жөндеу жұмыстары басталды, мердігер ұйымдар анықталып, жоспарға сәйкес жұмыстар іске асырылуда. Абаттандыру бағдарламасы аясында 18 учаскеде, соның ішінде орталық және аулалық көшелерде, кіреберіс көпір мен Техснаб бағытындағы жолда күрделі жөндеу және асфальт жұмыстары жүргізіледі.
Жөнделетінкөшелер тізіміне келесілер енген: Желтоқсан, Спицын, Бокейханов, Ағыбай батыр, Караменде би, Қадыржанов, Язева, Уалиханов, Ақтоғай, Сарыарқа, сондай-ақ Сармантайұлы, Ормантайұлы, Достоевский, Мәметова, Р. Қошқарбаев, Бижанұлы, Калмыков және басқа да көшелер мен бұрылыстар.
Кейбір көшелерде асфальт төсемес бұрын техникалық жағынан маңызды жұмыс- жаңа су құбырын ескі желіге қайта қосу (переврезка) жүргізілуі қажет. Бұл жерасты жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана асфальттау жұмыстарына көшуге болады.
Жол жөндеу жұмыстары тек асфальт төсеумен шектелмейдіұ Жөндеу барысында алдымен бүлінген немесе мүлдем жоқ бордюрлер қалпына келтіріліп, орнатылады. Одан кейін техникалық тротуар қалыптастырылады. Содан соң бордюр бойымен асфальт-бетон екі қабатпен төселеді: алдымен тегістеу қабаты,содан кейін соңғы қабат