Ағаштарды кесуге рұқсат беру мәселесі бойынша.
4-тарау, 29-тармақ. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету жұмыстары вегетация кезеңі басталғанға дейін немесе кеш күзде жүргізіледі.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру бойынша
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда ғана рұқсат етіледі.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жоқ елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беру тек электрмен жабдықтау желілері болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұрау кезінде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және жер телімдерін бөлуге арналған алаңдар дайындалуына қарай немесе жеке тұрғын үй құрылысына пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда қанағаттандырылады. Азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларын орталық уәкілетті орган бекітеді. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері тегін негізде берілген кезде, азаматтың мемлекет тарапынан жеке тұрғын үй құрылысына бұрын жер учаскесі берілген-берілмегені ескеріледі.
Арнайы есепке қою кезінде азаматтың мемлекет тарапынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскесінің бар-жоғы ескеріледі, бұл туралы мәліметтер Мемлекеттік корпорациядан сұралады.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жер учаскелерін бөлуге арналған алаңдарды дайындау туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінің тізімдері туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ақпарат арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде тоқсанына кемінде бір рет жариялау арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін олардың өтініштерін арнайы есепке қоймай беруіне тыйым салынады.
Ағаштарды кесуге рұқсат беру мәселесі бойынша.
4-тарау, 29-тармақ. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету жұмыстары вегетация кезеңі басталғанға дейін немесе кеш күзде жүргізіледі.
Атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу мәселесі бойынша
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 128-бабына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту негіздері мыналар болып табылады: облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада белгіленген кедейлік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа та...
Тұрғын үймен қамту бойынша
Ағымдағы жылдың 24 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, күшіне енді. Осы өзгерістерге сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім, соның ішінде коммуналдық тұ...
Шатыр жөндеу бойынша
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2-бабының 14) тармақшасына сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне (қасбеттер, шатырлар, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен алаңдары, лифтілер, шатыр асты, техникалық қабатт...
Қаланың жолдары қашан жөнделеді?
Қазіргі уақытта жолдардың жағдайы көптеген сұрақтар туғызып отырғанын түсінеміз. Шұңқырлардың пайда болуы өткен жылғы жылу және сумен жабдықтау құбырларын ауыстыру жұмыстарына байланысты. Бұл жұмыстар күз айының соңында, жер қатқан кезде аяқталғандықтан, қазір, көктемде, топырақ...
Желтоқсан көшесі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
Аталмыш "Өркен-Медиа" инстаграмына шыққан ақпарат бойынша қазіргі таңда Желтоқсан көшесі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, аталмыш шұнқырлар тегістеліп қалпына келтіріледі 2025 жылдың 1 тамызға дейін.
Жолдың шұңқырларын қашан жабады?
Балқаш қаласының көшелерінде шұңқырларды жабу жұмыстары басталды (Уәлиханов көшесі,Қадыржанов көшесі).Аталған жұмыстар жалғасын әріқарай табатын болады. Аталмыш ақпарат бойынша келесіні хабарлаймыз, ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында аталмыш шұнқырлар жабылды
Қалалық көшелердегі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
Биыл қалада ауқымды жол жөндеу жұмыстары басталды, мердігер ұйымдар анықталып, жоспарға сәйкес жұмыстар іске асырылуда. Абаттандыру бағдарламасы аясында 18 учаскеде, соның ішінде орталық және аулалық көшелерде, кіреберіс көпір мен Техснаб бағытындағы жолда күрделі жөндеу және асф...